26 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 25 желтоқсан күні тұлғалардан кімдердүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдеркүнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын (1959) қазақстандық қаржыгер, банкир, экономист, Еуразиялық даму банкіБасқарма төрағасының кеңесшісі Григорий Александрович МАРЧЕНКО дүниеге келді.

МАРЧЕНКО Григорий Александрович
Фото: Wikipedia

Алматыда туған. 1984 жылы Мәскеу Мемлекеттікхалықаралық қатынастар институтын«Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.

1984-1986 жылдары Қазақ КСР-ның Түсті металдарминистрлігінің: конструкторлық-технологиялықбюросында инженер-конструктор, басқарушыкадрлар бөлімі бастығының орынбасары – Министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 1986-1988 жылдары Ғылыми- экономикалық жәнетехникалық-экономикалық зерттеулер Қазақғылыми-зерттеу институтының Маркетингтікақпарат тобының аудармашысы, редакторы, ағаредакторы, топ жетекшісі болып жұмыс істеді. 1988-1990 жылдары Жартылай өткізгіш машина жасау конструкторлық бюросы секторыныңатқарушы директоры, «АЛОЭ» ғылыми-өндірістіккооперативтік орталығында Конструкторлықбюроның төрағасы болып жұмыс істеді. 1990-1991 жылдары Германияда оқыды, Carl Duisberg Gesтағылымдамашысы болды. 1991-1992 жылдары«Еуразия» аймақаралық мемлекеттік экологиялықконсорциумының сыртқы экономикалықбайланыстар жөніндегі бас сарапшысы болыпжұмыс істеді. 1992-1994 жылдары ҚР Вице-Президентінің көмекшісі болды. 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасының ҰлттықБанкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1996-1997 жылдары ҚР Бағалы қағаздар жөніндегіұлттық комиссияның төрағасы қызметін атқарды. 1997-1998 жылдары ҚР Президентінің штаттан тыскеңесшісі болды. 1998-1999 жылдары «DeutscheBank –Securities (Kazakhstan)» ААҚ президентіболып жұмыс істеді. 1998-2004 жылдары ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы болды. 2004 жылы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. Сол жылы ҚР Президентінің экономикалықмәселелер жөніндегі көмекшісі болып қызметатқарды. 2004-2009 жылдары ҚР Президентініңштаттан тыс кеңесшісі болды. 2005-2009 жылдары«Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқармасыныңтөрағасы лауазымын атқарған. 2009-2013 жылдарыҚР Ұлттық банкінің төрағасы болды.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың қазан айынан бастапатқарып келеді.

49 жыл бұрын (1976) сарапшы, саяси талдаушы Асқар Қуандықұлы НҰРША дүниеге келді.

Асқар Қуандықұлы НҰРША
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

Алматыда туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағыҚазақ мемлекеттік университетінің халықаралыққатынастар факультетін, 2001 жылы әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетінРеспубликасының халықаралық қатынастар жәнесыртқы саясат кафедрасында білім алған, тарихғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: 2001-2005 жылдары Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастарфакультеті ҚР халықаралық қатынастар жәнесыртқы саясаты кафедрасының оқытушысы, 2005-2007 жылдары ҚР Президенті жанындағыҚазақстанның стратегиялық зерттеулеринститутында сыртқы саясатты зерттеу бөлімініңмеңгерушісі, 2007 жылы ҚР Тұңғыш ПрезидентініңҚоры жанындағы Әлемдік экономика және саясатинститутының халықаралық зерттеулерорталығының жетекшісі, 2012-2013 жылдары ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдікэкономика және саясат институтының жетекшісарапшысы, 2013 жылы Халықаралық зерттеулерорталығының жетекшісі, 2013-2017 жылдарысыртқы саясат жобаларының үйлестірушісі, 2017-2018 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Қорыжанындағы Әлемдік экономика және саясатинститутының Алматыдағы кеңсесінің басшысы, 2018-2020 жылдары Алматы менеджмент университетінің Саясат және құқық мектебініңдеканы, 2022-2023 жылдары ҚР Президентіжанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулеринституты директорының кеңесшісі болып қызметатқарған. 2023-2025 жылдары ҚР Президентіжанындағы стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары лауазымын атқарған.

131 жыл бұрын (1894-1938) мемлекет және қоғамқайраткері, Түркістан Республикасы Халықкомиссарлары Кеңесінің төрағасы, Түрксібқұрылысының негізін салушылардың бірі Тұрар РЫСҚҰЛОВ дүниеге келген.

Тұрар РЫСҚҰЛОВ
Фото: egemen.kz

1907-1910 жылдары Тұрар Меркідегі орыс-қазақбастауыш мектебінде, 1910-1914 жылдарыБішкектегі ауыл шаруашылық училищесінде оқып, бау-бақша мамандығын алады.

1914-1916 жылдарыМеркіде және Ташкент түбіндегі бау-бақша ісіменайналысады. 1916 жылдың жазында Әулиеатаоязында отаршылдыққа қарсы қарулы көтерілістіұйымдастырғаны үшін қамауға алынады. Қазақхалқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жасинтеллигенттердің саяси сауаттану мектебі болдыжәне олардың тағдырын айқындап берген ұлықозғалыс еді. 1917 жылғы революция кезіндепатшаның тақтан құлағанын естіген Т. РысқұловТашкенттегі оқуын тастап, Әулиеата оязындағыМеркі ауданына келеді. Онда еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресу мақсатында 1917 жылдыңбасында «Қазақ жастарының революциялықодағын» құрады. 1918 жылы Әулиеата оязыСовдепі төрағасының орынбасары қызметінатқарады. Қазан айында Кеңестердің VІ съезіндеТүркОАК құрамына кіреді. Одан кейін ТүркістанРеспубликасының денсаулық сақтау халкомыболып тағайындалады. Түрлі қызмет атқарып, 1920 жылы Түркістан Компартиясы ОК-нің мүшесі, Түркістан АКСР ОАК төрағасы болып сайланды. Рысқұловтың саяси, мемлекеттік қызметкерретіндегі есімі Мұсылман бюросындағықызметімен байланысты кеңінен белгілі болды. Оның басшылығымен Мұсбюро Орталықтыңқысымы мен диктатына қарсы үнемі күресжүргізді. Түркі Республикасы мен Түркікомпартиясын құру жөніндегі Рысқұловкөзқарастары Мұсбюроның ІІ конференциясындақолдау тапты. Бірақ орталық араласып, түркістандықтардың ұлттық бағдарлануға дегенеркіндігін басып тастады. Тұрарға пантюркизм мен ұлттық ауытқу жөнінде айып тағылып, өмірініңсоңына дейін қамалды. Т. Рысқұлов 1920 жылыБакудегі Шығыс халықтарының І съезініңжұмысына қатысты. 1920 жылы желтоқсандаРСФСР Ұлттар ісі жөніндегі халкомыныңорынбасары, 1922 жылы Түркістан РеспубликасыХалық комиссарлары Кеңесінің төрағасы қызметінетағайындалды. 1924 жылы МонғолияғаКоминтерннің өкілі ретінде жіберілді. 1925 жылыҚазрайком БКП (б) баспасөз бөлімінің меңгерушісіжәне «Еңбекші қазақ» газетінің жауаптыредакторы, 1926-1937 жылдары мақта жөніндегітұрақты мәжіліс төрағасының орынбасары. Оныңқаламынан ондаған кітап, кітапша, 100-ден астаммақала шықты. 1937 жылдың мамыр айындаМәскеуде қамауға алынған. 1934 жылы құрылған«Бүкілодақтық біріккен орталықты» ұйымдастырушы деген айып тағылған. 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына ұшырады.

Соңғы жаңалықтар