26 желтоқсанда республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.