27 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, яғни 27 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

27 ақпан. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

78 жыл бұрын (1947) медицина ғылымдарының докторы, академик, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ басқармасының төрағасы, Орталық Азия пульманологтары қауымдастығының, Еуразиялық респираторлар қоғамының президенті, Еуропалық Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы комитеті төралқасының мүшесі Абай Қабатайұлы БАЙГЕНЖИН дүниеге келді.

Абай Қабатайұлы БАЙГЕНЖИН
Фото: medq.kz

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін денсаулық сақтау саласында әртүрлі қызметтерде болды. 1978-1983 жылдары - Алматы қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, 1983-1988 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 4-бас басқармасының «Алатау» шипажайының бас дәрігері. 1988-1993 жылдары - Алматы аймақтық диагностикалық орталығының директоры. 1993-1997 жылдары - Мемлекеттік аэроғарыш компаниясының вице-президенті. 1997-1998 жылдары ҚР Үкіметі жанындағы Медициналық сақтандыру қоры бас директорының орынбасары. 2000 жылдың мамыр айынан бастап 2010 жылдың тамыз айына дейін «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» РМК бас директоры. 2010 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі кезге дейін «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ басқармасының төрағасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі. «Парасат» орденінің, британдық Виктория патшайым орденінің иегері, Роберт Кох медалімен марапатталған.

63 жыл бұрын (1962) Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Леонидовна БАХМУТОВА дүниеге келді.

Елена Леонидовна БАХМУТОВА
Фото: afk.kz

Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған, экономист. 1983-1984 жылдары - Алматы ауыл құрылыс №7 тресінің ОАКК аға инженері; 1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтының экономисі; 1989-1991 жылдары – Қазақ КСР-і Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің аға экономисі; 1991-1992 жылдары - «Елім-Ай» киношаруашылық бірлестігінің экономисі; 1992-1998 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің жетекші, бас экономисі, бөлім бастығы, әлеуметтік сала департаменті бастығының орынбасары, директордың орынбасары; 1998-2001 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің директоры; 2001-2002 жылдары - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; 2002-2004 жылдары – ҚР Ұлттық банкі Қаржылық қадағалау департаментінің директоры; 2004-2008 жылдары – ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары; 2008-2011 жылдары – ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасы; 2012-2016 жылдары - «Самұрык-Қазына» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары; 2016 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін - «Самұрық-Қазына» АҚ қаржы және операциалар жөніндегі атқарушы директоры; 2016-2018 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы болған. 2018 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен; «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен; Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

59 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы Қанат Сергейұлы МУСИН дүниеге келген.

МУСИН Канат Сергеевич
Фото: sud.rk

Қазіргі Астана қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі. 1984-1986 жылдары Целиноград (қазіргі Астана ) қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы. 1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты. 1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары. 1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары. 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы. 2016-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VIІ шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 2021-2022 жжылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы. 01.2022-12.2022 жылы ҚР Әділет министрі.

2023 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

57 жыл бұрын (1968) ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Алексеевич ШИПП дүниеге келген.

ШИПП Денис Алексеевич
Фото: Gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Музыкалық орта мектепті фортепиано сыныбы бойынша, Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін, академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген. Петропавл қалалық сотының судьясы болды. Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы (2006 жылдан), Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы (2011 жылдан). Қазіргі қызметінде 2015 жылдан бері. 49 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Қонысұлы БҮРКІТБАЕВ дүниеге келді. Жамбыл облысында дүниеге келген. 1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін (емдеу ісі), 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару), 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын (фармация), 2018 жылы ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетін, 2020 жылы «Тұран-Астана» Университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталығының докторанты. Еңбек жолы: Алматы қаласындағы шұғыл медициналық көмектің қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері (1996-1998); Алматы қаласындағы республикалық Апаттар медицинасы орталығының дәрігері (1998-1999); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің, Білім және ғылым басқармасының бас маманы (1999-2000); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің дәрі-дәрмек саясаты, Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы (2000-2001); ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы (2001-2002); ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және дәрі-дәрмек саясаты басқармасының бастығы (2002-2004); «Ақтөберентген» АҚ кеңесшісі (2005-2007); ҚР Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің Қызметті қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2007-2008); Астана қаласының «Қан орталығы» ШЖҚ ҚКК басшысы (2008-2011); ҚР Денсаулық ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ (2011-2019); ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы (2019-2021). 2021 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Шапағат» (2014), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Астанаға 20 жыл» (2018) медальдармен; «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2003), «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2012) төс белгілерімен марапатталған.

56 жыл бұрын (1969) Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі Ардақ Дулатұлы СМАЙЫЛОВ дүниеге келді.

Ардақ Дулатұлы СМАЙЫЛОВ
Фото: Gov.kz

Алматы қаласында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын агрономия мамандығы бойынша бітірген (1993); Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша (1997); Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2004).

Еңбек жолы: «Шарбат» жеке кәсіпорнында инспектор (1992); Астана кеденінде әртүрлі қызмет (1994); Астана кедені Кедендік қорғау және режим басқармасының бас инспекторы (1999); Астана қаласы Кедендік қорғау және режим департаменті жүктерді кедендік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы (1999); Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің Қостанай облысы бойынша Кеден басқармасы Кеден энергетикалық постының бастығы (2003); Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Астана-Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бастығы (2004); Алматы облысы әкімі аппаратының талдау бөлімінің басшысы, Талдықорған қаласы (2015); Алматы облысы әкімі аппараты әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы (2017); Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысы (2020); Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің орынбасары (2022-2023).

2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

53 жыл бұрын (1972) «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Жандос Қонысұлы БҮРКІТБАЕВ дүниеге келді.

Жандос Қонысұлы БҮРКІТБАЕВ
Фото: Gov.kz

Жамбыл облысында туған. С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина университетін бітірген (1996); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығы бойынша бітірген (2003).

Еңбек жолы: Алматы қалалық жедел медициналық көмек көрсету клиникалық ауруханасының дәрігері (1996-1998); Республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, Алматы (1998-1999); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Білім және ғылым департаментінің бас маманы (1999-2000); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері агенттігінің Дәрілік саясат, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы (2000-2001); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтика және медицина өнеркәсібі және ақпараттық-талдау қамтамасыз ету басқармасының бастығы (2001-2002); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтика және медицина өнеркәсібі және дәрілік саясат басқармасының бастығы (2002-2004); «Ақтөберентген» АҚ кеңесшісі (2005-2007); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2007-2008); Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Қан орталығы» ШЖҚ МКҚК директоры (2008-2011); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (2011-2019); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы (2019-2021).

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Шапағат» (2014), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Астанаға 20 жыл» (2018) медальдарымен марапатталған; «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2003), «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2012) төсбелгілері.

41 жыл бұрын (1984) Атырау облысы мәслихатының төрағасы Мұса Қарашаұлы ХАЙРУЛЛИЕВ дүниеге келді.

Мұса Қарашаұлы ХАЙРУЛЛИЕВ
Фото: instagram.com/musakhairulliev/

Атырау қаласында туған. Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша бітірген; Уфа мемлекеттік мұнай-технологиялық университеті, «Құрылыс менеджері, тау-кен инженер-мұнайшы-инженері»; Атырау мұнай және газ институты, «Қызмет көрсету саласындағы бакалавр»; Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолы: «Атырау Ген План» ЖШС директоры (2010); «Зерго» РМК Атырау филиалы директорының орынбасары (2014-2016); «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің Атырау облысы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті директорының орынбасары (2016); «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің Маңғыстау облысы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры (2016-2018); «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Атырау облыстық филиалының директоры (2018-2023).

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

33 жыл бұрын (1992) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Никита Сергеевич ШАТАЛОВ дүниеге келді.

Никита Сергеевич ШАТАЛОВ
Фото: senate.parlam.kz

Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін бітірген, филолог (2014).

Еңбек жолы: «KazMedia Project» компаниялар тобының корректоры, ақпараттық беттерінің редакторы (2014-2016); «Information Resource» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің SMM менеджері (2016-2017); Informburo.kz бас редакторы (2017-2019); медиа-менеджер «ТАЛАП» Қоғамдық қоры (2019); «Астана» халықаралық қаржы орталығының медиа шешімдері зертханасының аға менеджері (2019-2020); Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары (2020-2021); Еуразиялық интеграция институтының бас сарапшысы (2021-2022); Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы (2022); Директордың орынбасары, м.а Алматы қаласы Қоғамдық даму департаментінің «Мониторинг және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының директоры (2022-2023).

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар