27 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде жел тұрып, бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде  атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-щашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
None
None

Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, кей жерлерде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіліп, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысында кей жерлерінде- көктайғақ, жаяу бұрқасын жел 15-20 м/с.

 Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерінде желдің жылдамдыығы 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде-тұман, көктайғақ, түнде желдің күшеюі18 м/с болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ,  жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде-тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел тұрып, 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі.

 Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

 Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с болады.

 

Соңғы жаңалықтар