27 градусқа дейін аяз, тұман: 10 ақпанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. KAZINFORM – Дүйсенбі, 10 ақпанда еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Шымкентте күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман болады.
Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарда қатты аяз (25-27 градус) болады.
Бұған дейін Каспийдің тартылуы экологиялық қана емес, экономикалық та салдары бар мәселе екенін жазған болатынбыз.