00:38, 27 Қаңтар 2026 | GMT +5
27 қаңтарда ақтаулық мектептер онлайн оқуға көшірілді
АСТАНА. KAZINFORM — Ақтауда мектепалды даярлық сыныптары мен 1–11 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды қаласлық әкімдіктің баспасөз қызметі.
— Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтау қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптары мен 1–11 сынып оқушылары үшін 2026 жылғы 27 қаңтар күні бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлаймыз. Оқытудың дәстүрлі форматына көшу ауа райы жағдайына байланысты қосымша реттелетін болады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, ертең Ақтөбеде мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды.