27 қаңтарда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. Компанияның мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты кейбір республикалық маңызы бар жол учаскелерінде уақытша көлік қозғалысы шектелді.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Максат Шағырбаев / Kazinform

Атырау облысы

• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 179-210-шақырым аралығы (Майкөмген ауылы – Маңғыстау облысының шекарасы).

Маңғыстау облысы
• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау» автожолының 338-632-шақырымы аралығы (Бейнеу ауылы – Шетпе ауылы);

• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632-718-шақырым аралығы (Шетпе ауылы – Жетібай елді мекені);

• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 718-786-шақырымы аралығы (Жетібай ауылы – Ақтау қаласы);

• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 210-332-шақырым аралығы (Атырау облысы шекарасы – Бейнеу ауылы);

• «Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан Республикасы шекарасы» автожолының 0-58-шақырым аралығы (Жетібай ауылы – Жаңаөзен қаласы);

• «Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолының 91-161-шақырым аралығы (Таушық ауылы – Шетпе ауылы);• «Ақтау – Құрық» автожолының 13-72-шақырым аралығы (Ақтау қаласы – Құрық ауылы);

• «Құрық – Жетібай» автожолының 0-68-шақырым аралығы;• «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасы шекарасы» автожолының 0-85-шақырым аралығы.

Қостанай облысы

• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377-шақырым аралығы (Арқалық қаласы – Ақмола облысы шекарасы); • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218-шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Октябрьское ауылы); 

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ пункті)» 555-682-шақырым аралығы (Тобыл – Сарыкөл);

• «Мамлютка – Қостанай» автожолының 250-403-шақырым аралығы (Тобыл – Ұзынкөл).

Солтүстік Қазақстан облысы

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 834-856-шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы – Чистополье ауылы);

• «Жезқазған – Петропавл» автожолының 595-625-шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы – Дружба ауылы).

Ақмола облысы

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 856-917-шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Жақсыға дейін);

• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 377-595-шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Қостанай облысы шекарасына дейін);

• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260-шақырымы (Қостанай облысы шекарасынан Сұрғанға дейін);

• «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 0-82-шақырым аралығы (Жақсы – Бұзылық).

Сондай-ақ Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.

Ауа райы

27 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Жетісу, Ұлытау, Абай, Жамбыл, Алматы және Павлодар облыстарының кей жерінде қар жауып, боран соғады.

– Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның 13 өңірінде ауа райы бұзылып, тұрғындарға ескерту жасалғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар