27 қазан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 27 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
63 жыл бұрын (1962) М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Юрий Александрович ЯКУШЕВ дүниеге келген.

Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген. Алматы театр және өнер институтын, Халықаралық бизнес академиясының магистратурасын тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1993-1999 жылдары М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік театр және өнер институтының актері болып жұмыс істеген, коммерциялық фирмалардың бірін басқарған.
1999 жылдан бері қазіргі қызметін атқарып келеді.
46 жыл бұрын (1979) Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Жүрсінбайұлы ЕРГЕШОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында дүниеге келген.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясын бітірген.
Жұмыс тәжірибесі: Ішкі істер қызметкері (2000); Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық Ішкі істер департаментінде әртүрлі басшылық лауазымдарда; Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары (2019-2025).
2025 жылдың қаңтар айынан бері қазіргі қызметінде.
38 жыл бұрын (1987) «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Қалтайұлы БАҚЫТБЕКОВ дүниеге келді.

Еңбек жолы: 2005-2006 жылдары «Қазақстан студенттер альянсы» Қызылорда облыстық филиалының директоры, 2006-2008 жылдары «Қазақстан студенттер альянсы» қозғалысының республикалық көшбасшысы, 2008-2011 жылдары «Қазақстан КТК (КВН) Одағы» атқарушы директоры, 2011-2015 жылдары «Астана қаласының көңілді тапқырлар театры» әкімшісі, продюсері болып қызмет етті. 2015-2018 жылдары «KazFootball» ақпараттық футбол порталының директоры, 2018-2020 жылдары Қазақстан футбол федерациясының маркетинг және PR департаментінің директоры болды.
Қазіргі қызметін 2020 жылдың маусымынан атқарып келеді.