27 мамыр. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 27 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

88 жыл бұрын (1937) филология ғылымының докторы, академик, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбекұлы ЖОЛДАСБЕКОВ дүниеге келді.

Мырзатай Жолдасбекұлы ЖОЛДАСБЕКОВ
Фото: novoetv.kz

Жамбыл облысы Талас ауданы Ақтөбе ауылында туған.

1954-1955 жылдары Ақкөл аудандық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған. 1960 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1960-1964 жылдары осы университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент, 1964-1967 жылдары аспирант, 1970-1974 жылдары аға оқытушы, доцент, 1974-1977 жылдары филология факультетінің деканы болды. 1977-1987 жылдары Талдықорған педагогика институтының ректоры, 1987-1988 жылдары Қазақстанның оқу министрі, білім министрінің бірінші орынбасары, 1988-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі, 1991-1993 жылдары ҚР Премьер-министрінің орынбасары, 1993-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 1997-2000 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры қызметін атқарды. 2000-2004 жылдары Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, 2006 жылдан ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры болды. Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады. «Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерімен марапатталған.

69 жыл бұрын (1956) заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Конституциялық соты жанындағы ғылыми-консультациялық кеңестің мүшесі Виктор Александрович МАЛИНОВСКИЙ дүниеге келді.

МАЛИНОВСКИЙ Виктор Александрович
Фото : ksrk.gov.kz

Алматы қаласында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің мемлекеттік құқық және совет құрылысы кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, деканның орынбасары, Алматы саясаттану институтының мемлекеттік құрылыс және құқық кафедрасының доценті болып бастады. ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының Мемлекеттік-құқық бөлімінің референті, аға референті, Республика Конституциялық Сотының судьясы болып қызмет атқарды. 1995-2006 жылдары Заңгерлік академия — «Әділет» Жоғары құқық мектебінің проректоры болып жұмыс істеді. «Интерньюс-Қазақстан» мекемесінде заңгер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2007-2022 жылдары ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылдан атқарып келеді.

«Құрмет» (2005), «Парасат» (2011) ордендерімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана» мерекелік медальдарымен марапатталған.

67 жыл бұрын (1958) «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының кеғесшісі Серік Сүйінбекұлы ТҮЙТЕБАЕВ дүниеге келді.

Серік Сүйінбекұлы ТҮЙТЕБАЕВ
Фото: Telegram/"Самрук-Қазына"

Алматыда туған. 1981 жылы Алматы энергетика институтын жылу энергетикасы инженері мамандығы бойынша, 2000 жылы Алматы энергеттка институтын ЖЭК кәсіпорындарындағы экономика мен менеджмент мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: 1981-1983 жылдары ОртаАзЭнергоМонтаж іске қосу мен ретке келтіруді басқару шеберінің көмекшісі, 1983-1984 жылдары Алматы Энергетикалық университетінің еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының инженері,

1984-1998 жылдары АЖЭО-2 турбиналық цехінің турбиналық жабдығы бойынша аралап өтуші машинисті, турбиналық цехінің турбиналық бөлімінің аға машинисті, турбиналық цехінің ауысым басшысы, турбиналық цехінің басшысы, «Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ-ның бас инженері, басқарушы директоры қызметін атқарған. 2007-2010 жылдары «Алматы электр станциялары» АҚ-ның басқарушы директоры (№ 2 ЖЭО), 2010-2011 жылдары «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, 2011-2013 жылдары Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы, 2013-2014 жылдары «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған. 2014-2016 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация» дивизионының басқарушысы, 2016-2022 жылдары Қоғамның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры, 2022 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының міндеттерін атқарушы қызметінде, 2022-2023 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болған.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың қазан айынан бастап атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1979) Абай облысы Бородулиха ауданының әкімі Айдар Маратұлы ЫБЫРАЕВ дүниеге келді.

Айдар Маратұлы ЫБЫРАЕВ
Фото: gov.kz

2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша, 2009 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы облыстық «Дидар» газетінің тілшісі болып бастаған. 2004-2006 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі баспасөз қызметінің жетекші маманы, 2006-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, 2007-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, 2009-2010 жылдары ШҚО денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, 2010-2011 жылдары ШҚО мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, 2013 жылы ШҚО мәдениет басқармасының облыстық мемлекеттік филармониясының директоры болып жұмыс атқарған. 2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің аппаратын басқарды. 2015-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің орынбасары болды. Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың шілде айынан бастап атқарып келеді.

40 жыл бұрын (1985) Астана қаласындағы Сарайшық ауданының әкімі Мақсат САМАТҰЛЫ дүниеге келді.

САМАТҰЛЫ Мақсат
Фото: facebook.com/yerlan.sakenov

2006 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2015 жылы Орталық-Азия университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2007-2008 жылдары Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің жетекші маманы м. а., 2008 жылы Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің жетекші маманы, 2008-2009 жылдары «Астана Горкоммунхоз» АҚ, шарттарды атқару бөлімінің бас маманы, 2008-2009 жылдары «Тұрмыс» ЖШС, өндірістік-техникалық бөлімінің инженері, 2009 жылы «Тұрмыс» ЖШС, мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы, 2010 жылы «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылығы департаменті» ММ коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы м. а., 2010-2011 жылдары «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылығы департаменті» ММ коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, 2011 жылы «Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Мұз айдыны» МКҚК директорының сервистік қызмет көрсету бойынша орынбасары, 2011 жылы Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Мұз айдыны» МКҚК директорының орынбасары, 2011-2012 жылдары «Бестер глобал» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған. 2012 жылы Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы м. а., 2012 жылы Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 2012-2015 жылдары Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы, 2015-2019 жылдары «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы, 2019-2022 жылдары Астана қаласының «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары, 2022 жылы Астана қаласының «Байқоныр» ауданы әкімінің орынбасары, 2022-2024 жылдары Астана қаласы Алматы ауданының әкімі қызметінде болды.

2024 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1984) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік саясат департаментінің директоры Жандос Қойшыбайұлы ӘДІЛХАН дүниеге келді.

ӘДІЛХАН Жандос Қойшыбайұлы
Фото: Gov.kz

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын жалпы медицина мамандығы бойынша бітірген; Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Шипагер» ЖШС дәрігер (2005-2007); № 6 Қызылорда қалалық емханасының дәрігер-офтальмолог (2007 ж.); Қызылорда облыстық медицина орталығының қабылдау бөлімінде хирург дәрігер (2008-2010); № 6 Қызылорда қалалық емханасының хирург дәрігері (2010-2012); № 6 Қызылорда қалалық емханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі (2012-2017); № 6 Қызылорда қалалық емханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі (2017-2018); Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Қызылорда облыстық онкологиялық диспансері бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары (2018 ж.); Облыстық медицина орталығы директорының ішкі бақылау және пациенттерді қолдау қызметі жөніндегі орынбасары (2018-2019); Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының көпсалалы облыстық ауруханасы Байқоңыр филиалы директорының міндетін атқарушы (2019 ж.); Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Байқоңыр» көпсалалы ауруханасының бас дәрігері (2019-2022); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Медициналық қызметті талдау және мониторингі департаментінің бас сарапшысы (2022-2023); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «ТҰРАР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» ҰБ Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту департаментінің бас менеджері (2023-2024); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі (2024).

Қазіргі қызметін 2024 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар