27 маусым. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

27 маусым, СӘРСЕНБІ
Джибути Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1977). Джибути - Африканың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Шекарасы Эфиопиямен, Сомалимен және шығысында Аден шығанағымен шектеседі. Әкімшілік жағынан 5 округке бөлінеді. Астанасы - Джибути қаласы. Ресми тілдері - француз және араб тілдері. Ақша бірлігі - джибути франкі. Елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Депутаттар палатасы.
Бүкіләлемдік балықшылар күні. 1984 жылдың шілде айынан бастап Балық аулауды бақылау және дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі.
Тәжікстанның ұлттық бірлігі күні. Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы 7-ші қаңтарда орнатылды. Тәжікстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Акбаршо Искандаров.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
6 жыл бұрын (2006) Малайзияда Елбасының «Сындарлы 10 жыл» кітабының малай тіліндегі аудармасының таныстырылымы болды.
6 жыл бұрын (2006) Алматыда Қазақстан мен Ресей Президенттерінің ұйымдастыруымен құрылған Еуропа даму банкі өз жұмысын бастады.
7 жыл бұрын (2005) Бүкіләлемдік кеден ұйымының Кеден ынтымақтастығы кеңесінің 105-ші және 106-шы сессиясында Қазақстан Бүкіләлемдік кеден ұйымы Саяси комиссиясының мүшесі болып сайланды.
Бүкіләлемдік кеден ұйымы Саяси комиссиясы 1978 жылы құрылды. Оның құрамына 17-ден аса Бүкіләлемдік кеден ұйымы белсенді мүше-мемлекеттер аймақтық негіз ретінде екі жылдық мерзімге сайланады. Бұл ұйым бүкіләлемдік кеден жүйесінің қызметі мен даму сұрақтарын қарайды: халықаралық конвенцияларды жаңарту және енгізу, кеден ісі саласындағы басқа да құқықтық құралдарын өңдейді.
5 жыл бұрын (2007) Алматыда «Домбыра» деп аталатын жаңа журнал жарық көрді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады. Музыка саласында қазақ тілінде алғаш рет шығып отырған бұл журнал ұлттық музыка өнерін, әдебиеті мен тарихын, философиясы мен психологиясын, педагогикасын насихаттаумен қатар, олардың рухани астарлары осы бір киелі аспап үнімен байланысты екенін айтуды көздейді.
3 жыл бұрын (2009) Парижде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және Францияның Ұлттық әкімшілік мектебі арасында меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты өзара ынтымақтастықта тәжiрибе алмасу, қайта даярлау және мемлекеттiк билiк, мемлекеттiк басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың органдарға арналған кадрларының бiлiктiлiгiн жоғарылатуларымен шұғылданатын оқу орындардың оқу, әдiстемелiк, ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету саласын қайта жаңғырту болып табылады.
ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1948) тарих ғылымының кандидаты, Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Сербия,, Македония, Черногория, Словения мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы ИБРАЕВ Рашид Тұрарұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ташкент политехникалық институтын бітірген. 1976-1978 жылдары - Қазақстан Комсомол одағы Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1989-1991 жыдлдары - Шымкент облыстық партия комитетінің испекторы, екінші хатшысы. 1995-1998 жылдары - Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1998-2002 жылдары -Қазақстанның Әзірбайжандағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 1999-2002 жылдары -Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2002-2006 жылдары - Қазақстанның Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Латвиядағы, Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметін қоса атқарушы. 2006 жылдан бастап Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2007 жылдан бастап Қазақстанның Сербия,, Македония, Черногория, Словения мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып істейді.
2-ші дәрежелі «Достық» орденімен, медальдармен марапатталған.
93 жыл бұрын (1919-1952) домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі АХМЕТОВ Темірбек дүниеге келді.
Ол 1937-1952 жылдарда Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің солист-домбырашысы болған. Оның «Жетім бала», «Екпін», «Терісқақпай», «Шернияз» атты күйлері бар. Композитор күйлерінің ерекшелігі - көбінесе квинта бұрауында (теріс бұрау) орындалады.
89 жыл бұрын (1925) жазушы ШІЛТЕРХАНОВ Әбдіһам дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында туған. Алматы ауыл-шаруашылық институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университет) бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Бәйдібек ауданы мектебінің мұғалімі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Красная Нива ұжымшарының төрағасы, Отырар ауданындағы «Арыс» ұжымшарының директоры, ауданға тұрмыстық қажетті өтеу комбинатының директоры қызметтерін атқарған.
«Үш бәйтерек», «Ақ жалдың ақыры», «Аталы сөздер», «Саттар Ерубаев» атты кітаптардың авторы.
1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.
51 жыл бұрын (1960) жазушы ІЗІМҰЛЫ Мақсот дүниеге келді.
Атырау облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Батыс Қазақстан облысы «Орал өңірі» газетінің, республикалық «Зерде» журналының, «Ана тілі» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, «Теміржолшы - Железнедорожник», «Аруана» газеттерінің және «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары, бас редакторы, бөлім редакторы, «Қазақ энциклопедиясы» редакциясының бөлім меңгерушісі, «Арыс» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазіргі кезде «Аманат-ТТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
Алғашқы өлеңдері 1973 жылы республикалық «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған. «Аяқталмайтын әңгіме» атты кітаптың, «Бедеріндей кестенің» әңгіме-повесть жинақтарының авторы.
51 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы ШЕЛПЕКОВ Балабай Ақбердіұлы дүниеге келді.
Түркменстанда туған. И.Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген. «Өзенмұнай» мұнай-газ өндірісі басқармасында қызмет істеген. 1988-1989 жылдары - Жаңаөзен қалалық партия комитетінің нұсқаушысы. 2002-2005 жылдары - «Қазақстан Халық банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары. 2005-2006 жылдары - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Канцеляриясының бас сарапшысы. 2006-2008 жылдары - Маңғыстау облысы Түкқараған ауданының әкімі. 2007-2008 жылдары - «Тобыл Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді.
41 жыл бұрын (1971) Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі БАҚАУОВ Болат Жұмабекұлы дүниеге келді.
Павлодар облысының Железин ауданында туған. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. 1993-1996 жылдары - «Әділет» шағын кәсіпорнының директоры. 1996-1998 жылдары - «Бақауов» ұжымдық шаруашылығының басшысы. 1998-2007 жылдары кәсіпкерлікпен шұғылданған. 2007-2008 жылдары - «Толымбек» ұжымдық шаруашылығының директоры қызметтерін атқарған. 2003-2008 жылдары Павлодар облыстық маслихатына депутат болып сайланған. 2008-2011 жылдары - Қашыр ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде 2011 жылдың қазан айынан бері.
Медальмен марапатталған.
54 жыл бұрын (1958) музыкант, орындаушы, «A'Studio» тобының жетекшісі СЕРКЕБАЕВ Байғали дүниеге келді.
Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген. «Арай» тобы ұжымында белгілі қазақ әншісі Роза Рымбаеваны сүйемелдеуші болды. 1982 жылы «Арайдың» барлық музканттары тарап кетті, ал Роза Байғалиға жаңа топ жасақтауды және оны басаруды ұсынды. Жаңа топ та бұрынғы «Арай» атауында қалды, кейіннен «Алматы-Студио» деп аталды, одан әрі «A'Studio» аталды. Қазіргі кезде өз ұжымына, «A'Studio» тобына және басқаларына продюсерлікпен айналысады. 90-шы жылдардың басында режиссер Алексей Берковичпен «А-Студио» туралы «Джулия» музыкалық фильмі түсірілді, оған музыканттардың өздері қатысты.
Мәскеудегі Emporio Cafe клуб-мейрамхана қожайындарының бірі.