27 наурызда республика жолдарындағы ахуал қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

дорога, трасса, автомобиль, жол, көлік
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, келесі автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді:

Солтүстік Қазақстан облысы

• «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-30- шақырым аралығы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы учаскесі).

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — Ресей Федерациясының шекарасы» автожолында («Қалқаман» жолайрығы — Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс учаскесі).

Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Еске салайық, Төтенше жағдайлар министрлігі тұман мен көктайғаққа байланысты жүргізушілерге ескерту жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар