27 сәуір. Тұлғалар туған күн

оқиға
Фото: ҚазАқпарат

Бүгін, 27 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1953) Қазақстанның құрметті сәулетшісі, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі, Америка архитекторлар институтының мүшесі (AIA) Шухрат Зайнитдинұлы ЮСУПОВ дүниеге келді.

ҚХР Құлжа қаласында туған. 1976 жылы В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын сәулетші мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1970 жылы «Таулы Гигант» мәдениет үйінде суретші-безендіруші болып бастаған. Түрлі жылдары сәулет саласында әртүрлі қызметтерді атқарған.

Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Сәтбаев, Жезқазған, Түркістан қалаларының бой көтеруіне және көркеюіне үлес қосқан.

69 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазу мұрағатының бас сарапшысы Жанай Сейітжанұлы ОМАРОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1977 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін философия мамандығы бойынша бітірген.

1980-1997 жылдар аралығында еліміздің жоғарғы оқу орындарында (ҚазПТИ, ҚазМУ) оқытушылық және ғылыми қызметтермен айналысты.

1998 -1999 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, «Имидж-Успех» ақпараттық-талдау орталығының бас директоры, ҚР Президентіне үміткер Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының үгіт-насихат тобының жетекшісі – Баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.

1999-2001 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің директоры, 2001-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ішкі саясат басқармасының қоғаммен және баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.

2004-2007 жылдары «Қазақпарат» ҰК» АҚ президенті, 2007-2008 жылдары «Қазақстан Тудэй» агенттігі» АҚ баспа үйінің бас директоры, «Караван» газетінің бас редакторы болды. 2008-2011 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2011 жылғы шілде айынан бастап «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет етті. 2014 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР Мәдениет вице-министрі, 2014-2018 жылдары «НҰР-Медиа» холдингінің бас директоры болды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған.

67 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы одағының президенті Сапар Хайсаханұлы КӨШКІМБАЕВ дүниеге келді.

Бұрынғы Семей облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) туған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолын 1974 жылы Алматы электр құрылғылары зауытында слесарьдің шәкірті болып бастаған. КСР Қаржы министрлігінде, ҚР Қаржы министрлігіне қарасты орталықтарда біршама қызметтер атқарған.

1992-1993 жылдары «Қазақстанаудит» акционерлік компаниясының президенті, «BDO Қазақстанаудит» халықаралық аудиторлық ұйымының президенті болған.

58 жыл бұрын (1966) – Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының төрағасы Марат Зеникенұлы СЫЗДЫҚОВ дүниеге келді.

Щучинск қаласында туған. 1991 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, ал 2006 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

1991-1992 жылдары Целиноград қаласындағы №7 орта мектебінің тарих мұғалімі, 1992-1998 жылдары С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының Жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы, 1998-1999 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы.

1999-2002 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы, Талдау орталығының сектор меңгерушісі. 2002-2010 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2010-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2014-2019 жылдары ҚР Ресейдегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі. 2019-2022 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

55 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Арман Мақсотұлы ЖҰМАҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Ресейдің Мурманск облысы, Кола қаласында туған. Орджоникидзе атындағы жоғары әскери командалық училищесін бітірген, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының жоғары академиялық курсын бітірген, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Еңбек жолы: взвод командирінен бастап штаб бастығы – бөлімше командирінің орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда қызмет етті (1990-2008); ҚР ІІМ ТЖК бас штабының жедел басқармасының бастығы (2008-2009); Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы Бас штаб бастығының орынбасары (2010-2017); Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы (2017-2020).

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

II дәрежелі «Даңқ» орденімен, КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медалімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1979) Жетісу облысының прокуроры Мадияр Бекенұлы БАСШЫБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2000-2001 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы, 2001 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Ақтөбе облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2001-2002 жылдары Ақтөбе қаласы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау бөлімінің прокуроры, 2002 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2004-2005 жылдары Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы прокурорының орынбасары, 2005-2007 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, 2007-2008 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, 2008-2009 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының Ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы және кеден органдарында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, 2009-2010 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының Ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы және кеден органдарында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, 2010-2021 жылдары Алматы қаласы және қала аудандарында прокуратура саласында бірқатар қызметтерді, лауазымды атқарды, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Стратегиялық даму департаменті басшысының орынбасары, 2021-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

43 жыл бұрын (1981) Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары - мемлекеттік еңбек инспекторы Қайрат Кадрманапұлы АБЫЛҚАЙЫРОВ дүниеге келді.

Д. Серікпаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген. жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік жөніндегі инженер.

Еңбек жолы: 2004 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Көкпекті ауданы бойынша бас маман мемлекеттік еңбек инспекторы, 2004-2006 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Риддер қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары бөлімінің жетекші маманы -мемлекеттік еңбек инспекторы, 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Риддер қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының мемлекеттік еңбек инспекторы, 2008-2013 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы директорының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы болды.

2013 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар