27 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

27 шілде, ЖЕК СЕНБІ Вьетнам тәуелсіздігі үшін құрбан болғандарды еске алу күні. Бұл күнге бүтін Вьетнам дайындалады. Жастар, еңбек адамдары, әскерлер жаппай әскери зираттарды абаттандыруға кіріседі. Батырлардың отбастарына сыйлықтар, соның ішінде ақшалай төлемақылар беріледі.
АҚШ-тың басқару ортасы америкалық қарулы күштерді елге кіргізу арқылы 1964-1965 жылдары Вьетнамда жүргізген әскери іс-қимылдар, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ауқымы бойынша ең ірі қарулы шиеленіс саналды. Бұл соғыс жүздеген мың вьетнамдық әкелер мен ұлдардың өмірін қиды, көптеген әскери адамды мүгедек етті.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
4 2 жыл бұрын (1972) Қазақ КСР-нің Су кодексі қабылданды.
2 2 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
200 жыл бұрын (1814) Қазан университеті ашылды.
1 80 жыл бұрын (1834) Киев университетінің негізі қаланды (қазіргі Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті).
9 5 жыл бұрын (1919) тұңғыш реактивті жолаушылар ұшағы - «Комет» (Ұлыбритания) әуеге көтерілді.
10 4 жыл бұрын (1910) Орынборда «Багбустан ханым» атты әйелдер медресесі ашылды.
1 5 жыл бұрын (1999) елімізде қорғансыз балаларға арналған тұңғыш отбасылық жаңа үлгідегі «SОS Алматы балалар қалашығы» ашылды.
9 жыл бұрын (2005) Батыс Қазақстан облысының Қазталовка ауданында белгілі күйші Науша Бөкейхановтың 135 жылдық мерейтойына арналған домбырашылардың облыстық байқауы болып өтті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Оралдан келген Дәурен Тәшпенов алды. Конкурсқа жалпы 18 жас музыкант қатысты.
Науша Мырзагерейұлы (1870-1944) қазіргі Бөкейорда ауданының Шонай ауылында дүниеге келген. Халық композиторы Дәулеткерейдің күйшілік дәстүрін біздің заманға жеткізген. Ол Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестріне 30 күй берген. Дәулеткерейдің 50 шақты күйін тартқан.
7 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытуға бағытталған «Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
7 жыл бұрын (2007) Алматыда «Өмір аллеясы» салтанатты түрде ашылды.
Аллеяда өмірді бейнелейтін, тұмсығымен баланы алып ұшып бара жатқан құтанның мүсіні тұрғызылған. Бұл бейнелеу өмірде үлкен ауыртпалық көріп, тағдырдың тәлкегіне түскен жандарға арналған.
Ұйымдастырушылары - «ЛП-13 Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Алматы қалалық және Алмалы ауданы әкімдіктері.
3 20 жыл бұрын (1694) шотландиялық пысықай көпес Уильям Патерсон Англия Банкін құрды.
1946 жылы Англия банкі туралы заң қабылданғаннан кейін ол ұлттандырылып, мемлекеттік банк ретінде жұмыс істей бастады. 1997 жылдың 6 мамырында тәуелсіздігін алғаннан кейін, Банк Ұлыбританияның барлық ақша және қаржылық жүйесін тұрақты деңгейде ұстап тұруға және оны дамытуға ықпал етуге құзырлы.
42 8 жыл бұрын (1586) ағылшын теңіз саяхатшысы Уолтер Рэли Британияға алғаш рет темекіні алып келді.
18 7 жыл бұрын (1827) Ресейде алғашқы сақтандыру қоғамы құрылды.
14 8 жыл бұрын (1866) Британия мен АҚШ-тың арасына су асты кабелі өткізілді.
7 1 жыл бұрын (1943) Италияда фашистік партия тарқатылды.
6 7 жыл бұрын (1947) ТУ-12 реактивті бомбалаушы ұшақ алғашқы ұшырылымын жасады.
6 1 жыл бұрын (1953) корей соғысы Бітімге келу келісіміне қол қоюмен және КХДР мен Оңтүстік Корея арасында қарусыздандырылған аймақты құрумен аяқталды.
6 1 жыл бұрын (1953) Ватикан қасиетті мерекелік күндері фабрикаларда жұмыс істеуге тыйым салды.
4 8 жыл бұрын (1965) АҚШ президенті Джонсон темекіні өндірушілерден қораптардың сыртына шылым шегудің денсаулыққа зияндығы туралы жазуды талап ететін заң жобасына қол қойды.
2 4 жыл бұрын (1990) Молдавия Парламенті Гагаузияның автономиясын жойды.
20 жыл бұрын (1994) Үндістан Парламенті елде болашақ нәрестенің жынысын анықтау бойынша тестілерді жасауға тыйым салды. Себебі, елде тестілер дүниеге қыз бала келетіндігін анықтаған жағдайда жасалатын жасанды түсіктер көбейіп кеткен еді.
2012 жылдың 27 шілдесі күні Лондонда ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы болды.
ЕСІМДЕР
6 6 жыл бұрын (1948) «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры композитор, өнертану профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты МҰХАМЕДЖАНОВТөлеген дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Семей педагогикалық институтын, Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын бітірген. 1982-1986 жылдары - Алматы консерваториясының оқытушысы. 1987-1988 жылдары - Қазақ академиялық опера және балет театрының директоры. 1990-1992 жылдары - «Азия дауысы» халықаралық байқауының бас директоры. 1992-1996 жылдары - «Мәдениет арқылы бейбітшілік» халықаралық қауымдастығы Қазақстан бөлімшесінің төрағасы. 1996-1998 жылдары - «Рухани келісім конгресі» халықаралық қоғамдық қорының президенті. 1998-2004 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болған. 2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. Қазіргі қызметінде 2012 жылғы қазаннан бері.
Композитордың хорға арналған күй мен симфониялық оркестрге арналған «Күй толғау», 2 ішекті аспаптар квартеті, «Махамбет» симфониялық поэмасы, «Алдар Көсе» операсы мен «Ғажайыптар елі» зонг-операсы, 2 симфониясы, аспаптық пьесалар, кинофильм («Полигон») мен спектакльдерге арналған музыкалары және көптеген әндері бар. Оның әндері Р.Бағланованың («Іңкәрім»), Р.Рымбаеваның («Заман-ай»), Н.Үсенбаеваның («Ақжелкен») және Г.Сиқымбаеваның («Мен деп ойла») репертуарларынан орын алған.
«Парасат» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
11 5 жыл бұрын (1899-1970) опера әншісі (тенор), Қазақстанның және Өзбекстанның халық әртісі ОВЧИННИКОВ Анатолий Иванович дүниеге келді.
Ресейде туған. Екатеринбор музыкалық техникумын бітірген. Ол 1936-1940 және 1943-1946 жылдары - Қазақ академиялық опера және балет театрының жетекші әншісі болды. Осы театр сахнасында қазақ, орыс және шет ел композиторларының шығармаларын орындады.
«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
7 5 жыл бұрын (1939) суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі ЖҰМАҒАЛИЕВ Әмір Шәкуұлы дүниеге келді.
Ресейдің Астрахан қаласында туған. В.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. Қылқалам шеберінің «Тың астығы», «Спорт», «Қазақ», «Суретші және уақыт», т.б. туындылары бар.
6 8 жыл бұрын (1946) Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы ӘУБӘКІРОВ Тоқтар Оңғарбайұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Мәскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген. 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындаған. 1989 жылы 1-ші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшысына «МиГ-29г» реактивті ұшағын шеберлікпен дәл қондырған. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізген. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынып, 1991 жылы сәуірдің 2-сінде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы қазанның 2-сінде Байқоңырдан «СоюзТМ-13» кемесімен ұшқан. Ғарышта ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынған. Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды, аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өткен. Ол Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери партриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 1996-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, кеңесшісі. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 2002-2003 жылдары - «Испат-Қармет» ААҚ-ының корпоративтік істер жөніндегі орынбасары. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
«Құрмет белгісі», Ленин, Қазан революциясы, «Алтын крест» ордендерімен марапатталған.
6 3 жыл бұрын (1951) ҚР Парламенті Мәжілісінің 5 сайланымдағы депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі КИКОЛЕНКО Ольга Андреевна дүниеге келді. 1951 жылы 27 шілдеде Қостанай облысы Обаған ауданы Лихачевка кентінде туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогика институтын бітірген. Тарих ғылымының кандидаты. 1967-1976 жылдары - неміс тілінің мұғалімі, Қостанай облысы Урицкий ауданы, Лихачевка мектебінің директоры. 1976-1983 жылдары - Селолық кеңес төрайымы, Қостанай облысы Урицкий ауданы, Лермонтов атындағы кеңшардың партком хатшысы. 1983-1992 жылдары - аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы, Урицкий аудандық комитетінің хатшысы. 1993-1997 жылдары - Қостанай ауданы әкімінің орынбасары. 1997-2008 жылдары - Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы. 2008-2011 жылдары - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 жылғы ақпаннан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы депутаттық фракциясының мүшесі. «Құрмет Белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдерімен және сегіз мерекелік медальмен марапатталған.
6 5 жыл бұрын (1949) ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары КОЛОМИЙЦЕВ Владимир Ивановичдүниеге келді.
Свердлов облысында (РСФСР) туған. Харьков инженерлік-құрылыс институтын, СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1973 жылы «Донбасстроймеханизация» тресінде учаске шебері болып бастады. Украинада, Қазақстанда комсомол, партия қызметтерінде қызмет атқарды. 1995-1997 жылдары - ҚР Үкіметінің аппаратында бас инспектор, аумақтық даму бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары. 1997 жылы ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің аймақтармен жұмысты үйлестіру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі әкімшілік департаментінің директоры. 1998-2008 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінде бас инспектор, бөлім меңгерушісінің орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бақылау секторының меңгерушісі-бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары. Ұйымдастыру-бақылауі жұмысы және кадр саясаты басқармасының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2008 жылғы қыркүйектен бері. 2 медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
18 3 жыл бұрын (1831-1888) швед кәсіпкері және өнертапқышы, Альфред Нобельдің ағасы НОБЕЛЬ Людвиг Эммануилович дүниеге келді.
14 8 жыл бұрын (1866-1929) португал саясаткері, 1919-1923 жылдардағы Португалия президенті Антониу Жозе ди АЛМЕЙДА дүниеге келді.
7 8 жыл бұрын (1936-1989) кеңестік балет әртісі, Лениндік сыйлықтың лауреаты Марис-Рудольф Эдуардович ЛИЕПА дүниеге келді.