18:19, 26 Шілде 2015 | GMT +5
27 шілде күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 шілде күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара өтеді, деп хабарлады Твиттердегі парақшасында ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.
«27 шілде күні ДСҰ-да Қазақстанның осы ұйымға кіруіне орай ресми шара өтеді. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Женеваға барады», - деп жазған жоғарғы палата спикері өз аккаунтында.
Еске сала кетейік, 22 маусым күні Мемлекет басшысы ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдаған болатын.