277 ірі қара мал аусыл індетіне шалдыққан - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 5 шілде. ҚазАқпарат - Үржар ауданында аусыл індетінің таралуы тіркелді. Бұл кеселге 277 ірі қара мал шалдыққан, деп хабарлады бүгін ТЖД.
None
None

Бірден 3 ауылда - Қаратал, Беккет және Мақаншы елді мекендерінде індеттің белгілері анықталды.

 Астанадағы Ұлттық референт орталығы жүргізген сараптаманың актісіне сәйкес, аусыл індетінің белгілері бойынша 11 малдан алынған сынама ірі қараның 7 мал бас саны дертке шалдыққанын растады.

 Қазіргі уақытта індет ошақтарында карантиндік шаралар жүргізілуде. Каратал, Беккет және Биебау ауылдарының маңында қосындар орналастырылған. Малдарды және мал өнімдерін тасымалдау тоқталды.

 Мал дәрігерлерімен емдік-оңалту шаралар мен жануарлар арасында аусыл дертіне қарсы егу жұмыстары өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар