28 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 28 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Ноғайұлы АСЫЛОВ дүниеге келді.

Берік Ноғайұлы АСЫЛОВ
Фото: egemen.kz

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған. 1992-2001 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді. 2001-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы басшылық лауазымдарында жұмыс істеді, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. 2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, содан кейін Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды. 2010-2011 жылдары ҚР Бас Прокурорының орынбасары лауазымын атқарды. 2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуратурасын, 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды. 2019-2022 жылдары Бас Прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымын 2022 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен және «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталған. 2011 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3 дәрежелі «Мемлекеттік әділет кеңесшісі» шеніне ие болды.

55 жыл бұрын (1971) Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Лаура Үмітбекқызы САДЫҚОВА дүниеге келді.

Лаура Үмітбекқызы САДЫҚОВА
Фото: ЕЭК

Қарағанды облысында туған. 1992 жылы К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу технологиялық институтында күндізгі аспирантураны, 2007 жылы қаржы бакалавры біліктілігін ала отырып Қарағандының «Болашақ» өзекті білім беру университетін аяқтаған. 2017 жылы Мичиган мемлекеттік университетінде (АҚШ) «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1996 жылы ғылыми-зерттеу ұйымының ғылыми қызметкері лауазымында бастады. 2001 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігіне мемлекеттік қызметке ауысты. 2002-2008 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ғылым, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясы, қайта өңдеу өнеркәсібі және ДСҰ департаменттерінде бөлім бастығынан департамент директорының орынбасарына дейінгі позицияларда жұмыс істеді. 2009-2011 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары болды. 2011-2014 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ агротехникалық университетінің басқармасы төрағасының орынбасары — проректоры болып қызмет атқарды. 2015 жылы еңбек қызметін ҚР Инвестициялар және даму, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде Технологиялық және инновациялық даму, цифрлық трансформация, жобалық басқару департаменттерінде басшылық лауазымдарда жалғастырды. 2021-2025 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры болды.

Қазіргі лауазымын 2025 жылдың сәуір айынан бастап атқарып келеді.

Жиырмадан астам ғылыми мақаланың авторы, монографияның және екі селекциялық жетістіктің теңавторы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапатталған.

51 жыл бұрын (1975) Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Тимур Қайырбекұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.

 Тимур Қайырбекұлы СҮЛЕЙМЕНОВ
Фото: Gov.kz

Ресей Федерациясының Новосібір облысы Куйбышев қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасында Құқықтық статистика және ақпарат орталығында прокурор көмекшісі болып бастаған. 2008-2013 жылдары Алмалы ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қалалық прокуратурасында Жедел-іздестіру, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2013-2017 жылдары Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары, 2017-2021 жылдары Қостанай облысының прокуроры, 2021-2022 жылдары ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының басшысы, 2022-2025 жылдары ҚР Бас көлік прокуроры қызметін атқарды.

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Прокуратурасына 20 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР Прокуратурасына 25 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» III, II, I дәрежелі медальдарімен; ІІ дәрежелі «Прокуратура озаты», «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.

43 жыл бұрын (1983) «Қазпочта» АҚ желілік басқару, логистика және сатып алу жөніндегі басқарушы директоры Ержан Қалдыбайұлы ҚАЗАНБАЕВ дүниеге келді.

Ержан Қалдыбайұлы ҚАЗАНБАЕВ
Фото: Gov.kz

Алматы қаласында туған. 2006 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған. 2008-2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2010-2012 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысының м. а., сарапшысы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының бастығы, 2013 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті Мемлекет міндеттемелерін басқарармасының саясат басқармасының басшысы, 2013-2016 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, 2016-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры, 2019-2020 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2020-2022 жылдары ҚР Сауда және интеграция вице-министрі болды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

37 жыл бұрын (1989) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК директоры Бақытжан Төленұлы БАЙТІЛЕСОВ дүниеге келді.

Бақытжан Төленұлы БАЙТІЛЕСОВ
Фото: ҚР Әділет министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласында туған.

Еңбек жолы: 2008-2009 жылдары Ақмола гарнизоны әскери сотының жетекші маманының міндетін атқарушысы, 2009-2011 жылдары Ақмола гарнизоны әскери сотының жетекші маманы, 2011 жылы Астана қаласы бойынша Қалалық соттың бақылау және құжатайналымы бөлімінің бас маманы, 2011-2013 жылдары Астана қаласы бойынша Қалалық соттың кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2013 жылы Атырау облысы сот актілерін орындау департаментінің Атырау аумақтық бөлімшесінің мемлекеттік сот орындаушысы, 2013 жылы Атырау облысы сот актілерін орындау департаментінің Атырау аумақтық бөлімшесінің сот орындаушысы, 2013 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің персоналды басқару басқармасының сарапшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің персоналды басқару басқармасының бас сарапшысы, 2014-2016 жылдары ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы, 2016-2017 жылдары ҚР Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Сот — сараптамасы орталығының қызметін бақылау басқармасының басшысы, 2017-2020 жылдары ҚР Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті лицензиялау және сот-сараптамасы қызметін бақылау басқармасының басшысы, 2020-2021 жылдары ҚР Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, 2021-2024 жылдары «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сот сараптамалары институтының директоры, 2024-2025 жылдары «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК Ғылыми-тәжірибелік сот сараптамалары орталығының директоры (Астана қ.) болып қызмет атқарған.

Қазіргі лауазымын 2025 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді.

180 жыл бұрын (1846-1945) ақын, жырау, жыршы Жамбыл ЖАБАЕВ дүниеге келген.

Жамбыл ЖАБАЕВ
Фото: adebiportal.kz

Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде туған.

Жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім — Сүйінбай…» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған. Жамбыл 1919 жылы Жетісу халық ақындары бас қосқан слетке қатысты. 1934 жылы республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстан тойына», «Жастар алдындағы сөз» сияқты арнау, толғаулары осы тұста жырланды. Оның үздік шығармалары 40-тан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ұлы жырау қазақ халқын, оның поэзиясын бүкіл әлемге жария етті. 1938 жылы Жамбылдың шығармашылық өнерінің 75 жылдығын тойлағанда, оған әлемнің әр түкпірінен құттықтаулар келді. Ромен Роллан, Мартин Андерсен, Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. ХХ ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Әбдіғали Сариев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, Саяділ Керімбеков, Орынбай Тайманов сияқты белгілі импровизаторлар бар. 1941 жылы Сталиндік (кейін КСРО Мемлекеттік) сыйлығының лауреаты атанған. І сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше аудандарға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына, мектептерге, көшелерге берілген. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық, 160 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум