28 ақпанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 28 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

10.00-де Мәжілістің жалпы отырыс залында «Үкімет сағаты» өтеді. Тақырыбы - «Қазақстан Республикасындағы ішкі туризмнің проблемалары мен даму перспективалары».Депутаттар алдында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев баяндама жасайды деп күтілуде.

11.00-де Hampton by Hilton қонақ үйінің конференц-залында Қазақстандағы блокчейн және дата-орталықтар индустриясы қауымдастығының баспасөз мәслихаты өтеді. Ассоциация президенті Алан Дорджиев Қазақстанның майнинг-индустриясындағы ағымдағы жағдай туралы баяндайды. Журналистердің сұрақтарына Қауымдастыққа мүше компаниялардың басшылары: Дін-Мұхаммед Маткенов, BTC KZ компаниясы, Жанат Альдербегенов, Enegix компаниясы, Сембек Жақыпбеков, GDA директоры, сондай-ақ Қауымдастық өкілі Аслан Қуатбеков жауап береді.

11.00-де «Алғыс айту» күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (Көктал к-сі, Аққорған 2) қалалық ҚХА-ның этномәдени бірлестік өкілдері қарияларға мерекелік дастархан жайып, концерттік бағдарлама ұсынады.

15.00-де «Qazaqstan» Орталық концерт залында КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған көрменің салтанатты ашылуы мен баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов; «Роза Бағланова атындағы қазақ концерті» мемлекеттік концерттік бірлестігінің директоры Жеңіс Сейдоллаұлы; Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов.

15.30-де Сирек кездесетін аурулардың халықаралық күніне орай «Kóbelek balalar» қайырымдылық қоры конференция өткізеді.

Соңғы жаңалықтар