07:56, 28 Маусым 2018 | GMT +5
28 маусымда Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 28 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметіне сай, елдің ешбір қаласында ауаның ластануы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.