28 панфиловшылардың Мәскеу түбіндегі ерлігі болған-болмағанын арнайы комиссия тексеретін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 панфиловшылардың Мәскеу түбіндегі ерлігі «аңыз» ба, жоқ па, енді оны арнайы комиссия тексеретін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті.
None
None

«28 панфиловшыларға қатысты айтатын болсақ, біз бұл мәселені талдаймыз. Керек болса, арнайы ведомствоаралық комиссия құрамыз», - деді Б.Сапарбаев тілшілердің қойған сауалына.

Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бұл мәселе тек білім саласына қатысты емес, тарихқа да байланысты екенін айтты.

«Бұл тек білім беруді мәселесі емес, сонымен қатар тарихтың еншісіндегі дүние болып отыр. Сондай-ақ, заңдық аспектілер де жоқ емес. Меніңше, бұл сұрақты тиісті органдармен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірге қарастыратын боламыз», - дейді министр. Естеріңізде болса, бүгінде Қазақстанда және Ресейде 28 панфиловшылардың Мәскеу түбіндегі ерлігіне күмән келтіру белең алып кетті.

Соңғы жаңалықтар