28 сәуірде ауа райы қандай болады

көктем
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 28 сәуірге  арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті. 

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлерінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады. 

Еліміздің батысына, шығысына, орталығына антициклон әсер етеді, онымен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ, оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының түнде шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram