28 шілде: Туған күн иелері

28 шілде, СЕНБІ
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1948) медицина ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі ӘБІЛҚАСЫМОВ Ерасыл дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Алматы мемлекеттік медицина институтында, Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінде, Алматы қаласындағы емханаларда істеген. 1995-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының жетекші, бас ғылыми қызметкері. 1999-2001 жылдары - Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі, директоры. 2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік мәдени даму комитетінің, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болған. Бірнеше кітаптың, 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
61 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасының Қырғызстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі КӨКІРЕКБАЕВ Кәрім Насбекұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған.
Алматы теміржол көлігі институтын жол қатынастары инженері мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, құрметті теміржолшы.
Әр жылдары Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «ЭйрҚазақТур» ЖШС бас директоры, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының вице-президенті, басқарушы директор, даму жөніндегі вице-президенті, бас инженер болып қызмет еткен. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімнің бірінші орынбасары, Жамбыл облысының әкімі болған.
Қазіргі лауазымында 2018 жылдың ақпанынан бастап.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2010).
57 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары ЛУКИН Андрей Иванович дүниеге келді.
Целимноград қаласында туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, инженер-құрылысшы, заңгер-құқықтанушы.
Еңбек жолын Целиноград қаласының құрылыс мекемелерінде, ішкі істер органдарында бастады. 1998-2003 жылдары - Астана қалалық тұрғын үй департаментінің директоры. 2003 жылғы шілде-қыркүйек айларында - ҚР Индустрия және сауда министрлігінде құқықтық жұмыстар департаментінің директоры. 2003-2005 жылдары - ҚР Индустрия және сауда вице-министрі. 2005-2014 жылдары - Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес (қаржы полициясы) агенттігі төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 2014-2017 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.
Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың тамызынан бері.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, медальдармен марапатталған.
57 жыл бұрын (1961) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөнінлдегі уәкіл ПАЛЫМБЕТОВ Болат Әбілқасымұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ политехника институтын, Еуразия нарық институтын бітірген. 1990-1991 жылдары - «Қайсар» өндірістік кешені төрағасының орынбасары, Республикалық жүйелі зерттеулер орталығы қолданбалы зерттеулер бөлімінің меңгерушісі. 1991-1992 жылдары - «Жастар» қоры кеңесінің төрағасы, «Олжа» шағын кәсіпорны директорының орынбасары. 1992-1993 жылдары - Алматы қалалық жастар ісі комитеті экономика бөлімінің меңгерушісі, «Астана-Полис» сақтандыру фирмасының директоры. 1993-1997 жылдары - «Астана-Инвест» инвестициялық жекешелендіру қорының басқарушысы. 1997-1998 жылдары - «Астана-Холдинг» Корпорациясы» ЖАҚ-ының президенті, бақылау кеңесінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - «Қазақстан халықтық жинақ банкі» ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 1999-2001 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда вице-министрі, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директорының орынбасары, бас директоры, «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары. 2002-2006 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі. 2006 жылы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2007 жылы - «Меркурий» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2007-2010 жылдары - «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының басқарма төрағасы. 2010-2011 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - басқарушы директоры. «ҚазПетроМаш» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. 2011-2016 жылдары «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік» АҚ басқарма төрағасы.
Қазіргі қызметінде - 2016 жылғы ақпаннан бері.
«Құрмет», 3-дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған.
49 жыл бұрын (1969) Республикалық нотариалдық палата төрағасы ЖАНӘБІЛОВА Әсел Болатқызы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған, заңгер, экономист-қаржыгер (1991).
Еңбек өтілі: Алматы қаласында нотариус (1993-1997); ҚР Әділет министрлігінің нотариат ісі бойынша бөлім бастығы, заңгерлік қызметті ұйымдастыру басқармасының бастығы (1997-2000).
Атқарып отырған лауазымында 2000 жылғы ақпаннан бастап.
64 жыл бұрын (1954-2013) Венесуэла мемлекет және әскери қайраткері, 1999-2013 жылдардағы Венесуэла президенті Уго ЧАВЕС (Уго Рафаэль Чавес Фриас) дүниеге келді.