28 тамызда болатын маңызды іс-шаралар анонсы

АСТАНА. KAZINFORM  – Kazinform  Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда  28 тамыз күні болатын маңызды іс-шаралардың анонсын ұсынады.

Анонс Казинформа
Фото: Kazinform

АСТАНА

Сағат 09:00-де шахматтан «Senat Open» ашық кубогының II финалы өтеді.

10:00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы және Орталық Азияның басқа да елдеріндегі азаматтық процесс пен төреліктің даму тенденциялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

13:00-де «Конституция және мемлекеттілік: құқық және болашақ диалогы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Өтетін орны: ҚР Президенттік орталығы.

14:15-те «Астана Балет» театры XIII маусымының ашылуына орай «Сұлтан Бейбарыс» балетінің көрсетілімі өтеді.

14:30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «2025-2026 оқу жылының басы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі басымдықтар мен міндеттер» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар