28 тамыз. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Верный ер балалар гимназиясын, Қазан императорлық университетінің заң факультетін бітірген. 1917 жылдың Ақпан революциясына дейін Жетісу облысының Аягөз, Үржар заң орындарында қызмет атқарып, Үржар уезі қазақ комитетінің төрағасы болды. 1-ші жалпықазақ съезі Аманжоловты Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы депутаттығына бекіткен. Съезден кейін ол «Алаш» партиясының Жетісу өңіріндегі жергілікті ұйымдарын құруға белсене араласты. 1917 жылы 2-ші жалпықазақ съезі Аманжоловты Алашорда үкіметіне - Халық Кеңесіне мүше етіп сайлады. 1918 жылы Лепсі қаласында өткен Жетісу облыстық 2-ші қазақ съезінде облыстық кеңес мүшелігіне сайланып, Жетісуда және Шыңжаңның Шәуешек қаласында Алашорда жасақтарын құруға басшылық жасаған. Кеңес әскерлерімен болған шайқастарға қатысып, ауыр жарақаттанды. 1923-1930 жылдары Қазақ АССР Заң халық комиссариаты жүйесінде қызмет атқарды. 1930 жылы Қазақстаннан кетуге мәжбүр болып, Мәскеуде, Бішкекте, Ташкентте жұмыс істеген.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Мәди ауылында туған. Бес-алты жасынан әншілік өнерге ден қойған. Ән өнерін әкесінің інісі Жақыпбек Балғабайұлынан үйренген. Әншілер Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев шығармашылығымен танысқан. 1920-1930 жылдары Семейдегі «Ес аймақ» труппасының спектакльдері мен бірнеше концерттеріне қатысқан. 1931-1935 жылдары Қазақ мемлекеттік драма театрында (қазіргі М.Әуезов атындағы драма театры), 1935-1960 жылдары Қазақ Мемлекеттік филармониясында қызмет етті. 1960 жылдан «Қазақконцерттің» әнші - солисі болды. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрының спектакльдеріне қатысып, «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясынан Әлібектің, «Қыз Жібек» пен «Айман-Шолпан» операсынан Төлеген мен Арыстанның партиясын айтып, көптеген драмалық спектакльдерде ойнаған. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында концерттік бригаданың құрамында болып, Калинин майданы жауынгерлеріне мәдени қызмет көрсетті. Осы сапарында жауынгер-композитор Р.Елебаевтың «Жас қазақ» әнін тұңғыш рет орындап, кейін халық арасында кең түрде насихаттады. 1967 жылдан Қазақ эстрадалық студиясында педагогтық қызметпен айналысқан. Ж.Елебеков репертуары негізінен халықтың және халық композиторларының музыкалық құрылысы мен тілі күрделі, сыршыл әндері «Ардақ», «Ағаш аяқ», «Айтбай», «Жамбас сипар», «Жиырма бес», «Қанатталды», «Құлагер», «Сегіз аяқ», «Сұржекей», тағы басқалардан тұрады.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндіктерінде, сондай-ақ концерттік сапармен барлық республикаларда, Қытай Халық Республикасында, Моңғол Халық Республикасында, Үндістанда болды. Ж.Елебековтің құрметіне Алматы эстрада-цирк өнері колледжіне, Егіндібұлақ селосындағы музыкалық мектепке, көшеге оның есімі берілген. Ленин ордені, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1952-1962 жылдары - мұғалім, орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі, Келес аудандық партия комитетінің штаттан тыс насихатшысы, Аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің хатшысы-бөлім меңгерушісі. 1962-1975 жылдары - Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Торғай облыстық партия комитетінің хатшысы. 1975-1977 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің шетелдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі. 1977-1987 жылдары - Қазақ ССР мәдениет министрінің орынбасары, Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1987-1988 жылдары Қазақ ССР мәдениет министрі, 1988-1991 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1991 жылы зейнет демалысына шықты. «Арқас» қазақ тілі мен әдебиетін түлету қорының президенті болды. Үш мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Тараз қаласында туған. Қазақ дене шынықтыру және спорт институтын бітірген. «Қайрат» футбол командасында және СССР ұлттық құрамасында ойнады. «Қайрат» Футбол клубы» АҚ вице-президенті, Қазақстан Республикасының шағын футбол қауымдастығының президенті, Қазақстан футбол федерациясының балалар мен жасөспірімдерге арналған футболының жетекші маманы қызметтерін атқарған. 2007 -2013 жылдары Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті. 2016 жылдың қарашасынан 2018 жылға дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті болды.
СССР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бапкері.
Алматы облысында туған. Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын, Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын «КИЗ» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында мал дәрігері, МТФ №1 бригадирі болып бастады. 1988-1994 жылдары 23 Партсъезд атындағы совхоздың бас мал дәрігері, сүт кешенінің бастығы, бригадирі болып жұмыс істеді. 1994-1997 жылдары – «КИЗ» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында бас мал дәрігері. 1998 жылғы қарашадан бастап 2001 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы бойынша еңбек инспекциясы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, еңбекті қорғау секторының меңгерушісі, еңбек инспекциясы бөлімінің басшысы. 2001-2008 жылдары – ЕХӘҚМ департамент директорының орынбасары – Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 2009-2014 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 2014-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 2017-2022 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
Қазіргі қызметінде - 2022 жылдың тамызынан.
Қарағанды облысының тумасы. Қарағанды педагогикалық институтын тәмамдаған, дене шынықтыру мұғалімі; Алматы Экономика және статистика академиясын бітірген, экономист, персоналды басқару (2004).
Еңбек жолы: «40 лет Казахстана» с/з механизаторы (1981-1982); Егіндібұлақ ауылы байланыс торабының электр монтері (1987-1988); балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы (1988-1990); балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры (1990-1992); мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының директоры (1992-1997); жеке бизнесте (1997-2000); Егіндібұлақ ауылының әкімі (2001-2007); Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы (2007-2010); «Агро-Консалтинг-К» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2010-2011); «Агро-Консалтинг-К» АҚ басқарушы директоры (2011-2012); «Арқа» басқарушы инвестициялық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры (06.2014-12.2014); «Арқа «БИК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2014-2015); «Арқа «БИК» АҚ Басқарма төрағасы (2015-2017); «Сарыарқа «ӘКК «ҰК» АҚ тұрақтандыру қоры мен әлеуметтік павильондарының әкімшісі (2017-2018); Абай қаласы әкімінің міндетін атқарушы (05.2018-06.2018).
Қазіргі қызметінде 2018 жылдың маусымынан.
Павлодар қаласында туған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, саясаттану (2003); «Әлеуметтану» мамандығы бойынша магистратура (2010).
Еңбек жолы: Астана қаласы әкімдігінде Талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, талдау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (2003-2007); Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Талдау және мониторинг департаментінің директоры (2007-2010); Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары (2010-2013); «Қазмедиа орталығы «БК» ЖШС Бас директорының стратегиялық жоспарлау және талдау жұмысы жөніндегі орынбасары (2013-2014); Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» кафедрасының оқытушысы (2014-2017); «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры (2017-2018); «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2018); Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының БАҚ және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі (2018-2019); 2019 жылғы 7 қарашада - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды;
2021-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Ерен еңбегі үшін» (2019) медальдарымен марапатталған.