28 желтоқсан. Жылнама

Kazinform оқырман назарына 28 желтоқсанға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

16 маусым. Жылнама
Коллаж: Kazinform

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық кино күні

1895 жылдың 28 желтоқсанында Парижде Капуцинок бульварындағы «Гранд-кафеде» ағайынды Люмьерлердің «Ла Сьота» вокзалына пойыздың келуі» атты әлемдегі ең алғашқы қысқаметражды фильмі көрсетілді. Бұл кинематограф тарихында халыққа ақшаға көрсетілген алғашқы фильм болды. Нақты осы дата Халықаралық кино күнін мерекелеуге негіз салды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1972 жылы «Медеу» мұз айдыны пайдалануға берілді. Медеу — айдыны теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасқан, әлемдегі ең танымал мұз айдындарының бірі. «Медеу» 10500 шаршы метр жерді алып жатыр және оған 10500 көрермен сыяды. 120-дан астам әлем рекорды осы мұз айдынында тіркелген.

1992 жылы Алматыда Пәкістан Елшілігінің ашылу рәсімі өтті.

1994 жылы Павлодардан Алматыға 19 вагоннан тұратын «Баянауыл» алғашқы фирмалық жолаушылар пойызы жүрді. 19 вагонның 5-еуі плацкарт, 8-і купе, 3-і жайлылығы жоғары купе, 2-і ұйықтайтын вагон және вагон-ресторан.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Даму банкі құрылды.

2000 жылы Мәскеудің Халықаралық жазушылар қауымдастығының әдеби қоры Әбдіжәміл Нұрпейісовті «Таланттың тазалығы мен беделі үшін» сыйлығымен марапаттады.

2004 жылы «Қазпошта» АҚ көрнекті қазақ жазушысы және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 110 жылдығына арналған жаңадан суреттелген «Мерейтойлық және елеулі күндер» атты серияның маркасын айналымға шығарды. Жаңа марканың бағасы — 35 теңге, таралымы — 50 000 дана. С. Сейфуллин (1894-1938) — көрнекті қазақ жазушысы және қоғам қайраткері. 1914 жылы Қазанда алғашқы «Өткен күндер» («Дни минувшие») атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Құттықтау, шаттанған өлеңдердің авторы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті қолдады. Оның қолынан «Бақыт жолында» пьесасы, «Тар жол, тайғақ кешу» романы, қазақ әдебиетіндегі еңбектері мен халық фольклоры, басқа да шығармалары шыққан. Газет-журналдармен белсенді жұмыс жасаған. 1922 жылы Қазақ АКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы, содан кейін халыққа білім беру комиссариаты ғылыми орталығының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы болып тағайындалған.

2005 жылы астаналық «Келешек-пресс» баспасы 85 жыл бұрын жарық көрген «Қазақша-орысша тілмаш» атты сөздікті жаңадан басып шығарды. Бұл еңбек қазақ тілінде сирек кездесетін сөздердің тарихындағы көлемді еңбек. Кітаптың түпнұсқасы 1925 жылы Алаш қайраткері, жазушы-журналист Қошке Кемеңгерұлы бастаған Мұстафа Боралқайұлы, Абдолла Байтасұлы, Есім Байғасқаұлы, Шәкір Баймақанұлы, Ғаббас Дәулетбекұлы, Сұлтан Темірбекұлы және Төлеутай Сәрсенбайұлы сынды қаламгерлердің арқасында алғаш рет жарық көрді. Сөздікті Мағжан Жұмабаев тексеріп шыққан. Қайта басылған өнегелі еңбекте көнерген сөздер қазіргі орфографияға лайықталып, кітап авторлары енгізген түзетулер ескерілген.

2010 жылы қазақтың аса көрнекті ақыны және жазушысы Міржақып Дулатовтың туғанына 125 жыл толуына орай пошталық маркалар шықты.

Марка «Еске алу және мерекелік күндер» аясында қолданысқа енгізілді.

2012 жылы ОҚО Қазығұрт ауданында он бір миллионыншы қазақ Мұхтар Абдрахим дүниеге келді. Сәбидің бойы 52 см, салмағы 3258 грамм болды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов 11 миллионныншы қазақтың ата-анасын құттықтап, балаға сәйгүлік сыйлады.

2015 жылы америкалық блогерлер Торғай геоглифтерін 2015 жылдың ең таңғажайып ТОП-10 жаңалығының тізіміне қосты. Ғарыштан түсірілген суреттер көрсеткендей, еліміздің солтүстік аумағының жер бедерлерінен шаршы, шеңбер, жолақ түріндегі көлемі бірнеше футбол алаңымен тең келетін геометриялық кескіндер байқалған. Бұл шамамен 8000 жыл бұрынғы ескерткіштер деген болжам бар.

2015 жылы Қазақстанда алғаш рет британдық ұлттық дәрілік формулярдың баламасы –Ұлттық дәрілік формуляр жасалды. Ұлттық дәрілік формулярға Қазақстанда тіркелген барлық дәрі-дәрмек тізімі енеді. Осылайша, ол дәрігерлерге де, азаматтарға да үлкен анықтамалық болмақ.

2016 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде қызықты экспонат пайда болды. Тараз қаласының тұрғыны, екінші домнаны қосуға қатысқан Есеналы Садықов мұражайға Қазақстан Магниткасы № 2 домна пешінің бірінші балқытылған металынан алынған шойын құйманы сыйлады.

2017 жылы әзербайжан тілінде Қазақ ақындарының антологиясы жарық көрді. «Бакуден — түркі әлеміне» атты жобаны жүзеге асыруға Әзербайжан мен Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Саха, Татарстан Республикасынан келген 30 ақын-жазушы үлес қосты.

2018 жылы Дүниежүзілік түркі халықтары конгресі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Түркі әлемінің үздік университеті» деген атқа лайық деп тауып, университет ректоры, академик Ғалым Мұтановты халықаралық ұйымның атаулы алтын медальмен марапаттады. Түркі халықтарының дүниежүзілік конгресі — халықаралық қоғамдық бірлестік. Оның қызметі түркітілдес мемлекеттер арасындағы білім, ғылым және мәдениет саласында ынтымақтастық пен достық қатынастарды нығайтуға бағытталған.

2021 жылы ТҮРКСОЙ штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақ тарихы, мәдениеті және тілі бойынша халықаралық конгресс өтті.

Шараның ашылуында баяндамашылар өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін орын алған оқиғаларға, қол жеткізген даму деңгейіне, жетістіктерге, тәуелсіздік жолындағы күреске тоқталды. Бұл үдерісте Қазақстанның тарих пен мәдени мұраны шешу қажеттілігін сезіне отырып әрекет еткені, қазақ мемлекетінің саяси, экономикалық және халықаралық деңгейде елеулі табыстарға қол жеткізгені баса айтылды.

2022 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Нақты тауарларды бақылау туралы» заңға қол қойды. Заң экспортты, импортты, реэкспортты, транзитті, сондай-ақ нақты тауарлар саласындағы қызметтерді көрсетуді бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіруге бағытталған. Негізгі мақсат — ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау және заңсыз қару айналымына жол бермеу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді сақтау. Заң мыналарды реттейді: Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекарасы арқылы нақты тауарлардың өткізілуіне физикалық бақылауды қалпына келтіру, уәкілетті орган мен нақты тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылға көшу, лицензия беру, мемлекеттiк органдардың нақты тауарларға, оның iшiнде экспорттау кезiнде ақпарат жинауға бақылау жүйесiнiң құзыретiн күшейту.

2023 жылы Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау мақсатында серб тілінде қазақ ертегілерінің жинағын шығарды. Қарлығаш туралы аңыздар, жануарлардың дауы, ақсақал Қаңбақ және Алдар Көсенің айлалары туралы мифтік әңгімелер, сондай-ақ қазақ ертегілеріндегі танымал кейіпкерлердің басқа да шытырман оқиғалары енді сербиялық кішкентай оқырмандар мен олардың ата-аналарына қолжетімді. Кітаптың тұсаукесері Белградтағы балалар кітапханасында өтті.

2024 жылы Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Ректор Жансейіт Түймебаев өз сөзінде университеттің көпжылдық жұмысын қорытындылап, оның негізгі жетістіктерін атап өтті. ҚазҰУ-да 3265 оқытушы-профессор, оның ішінде 24 толық академик, 623 ғылым докторы, 712 ғылым кандидаты және 582 PhD докторы бар.

Соңғы жаңалықтар