28 жыл снаряд жарықшағымен жүрген жігіт

ОРАЛ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазіргі кезде Ақсай қаласында тұратын, ауған жеріндегі ұрыстарға қатысқан Жетпісбай Бектеміровтің денесінде снаряд жарықшағы әлі жүр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның бір жақ санында өткір жарықшақ қалғаны өткен жылы Алматыдағы әскери госпитальда емделгенде анықталған. Жиырма сегіз жыл бойы денеде жүрген темірді бір нүктеде тоқтатып, операция арқылы суырып алу үшін арнайы аппарат қажет. Әйтпесе ол сусып кетіп тамыр, буынға зақым келтіруі мүмкін. Сол «сыбаға» қолына тисе, «автор» оны мұражайға тапсырмақ ниетте. 1978 жылы әскерге алынып, 1979 жылғы желтоқсанның 25-інде ауған елінің шекарасына жеткізілген Ж.Бектеміров туған жері Павлодарға 1981 жылы оралған. Нысана көздеуші ретінде талай шайқасқа қатысқан ол Ақсай қаласының аруына үйленіп, осында 1994 жылы көшіп келген. «Бөрлігазқұрылысы» кәсіпорнында прораб болып еңбек етіп, он бір жыл бойы аудандық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамын басқарған Жетпісбай 2007 жылы денсаулығының сыр бере бастағанын аңғарды. Тіпті аяғын баса алмай, қатты қиналды. Ол кезде бойында соғыстан қалған жарықшақтың жүргенін сезбеген еді.
Соңғы жаңалықтар