29 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 29 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1965) Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Серік Сағитжанұлы СЕРМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған.
Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1988-1989 жылдары Алматы қаласы Балық шаруашылығы министрлігі орталық материалдық-техникалық базасының бас экономисі, 1989-1990 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазрыбхоз» ОҚО 1 санатты маманы, 1990-1991 жылдары Қызылорда балық зауытының экономист-қаржыгері, халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесінің аға есепшісі, 1992-1998 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімінің аға инспекторы, аға маманы, консультанты, 1999-2004 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық басқармасының басшысы, 2005-2008 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2008-2009 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, 2009-2011 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, 2011-2014 жылдары Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі, «Байқоңыр» СПК ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары «А-Сер и К» ЖШС басшысы, 2015-2018 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Дағдарыс жағдайларындағы жұмылдыру жұмысы және жедел талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, 2018-2021 жылдары «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, 2021-2024 жылдары Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі қызметін атқарды.
53 жыл бұрын (1972) «ПИТ» АКФ бас директоры Асқар Болатұлы СЕМБИН дүниеге келді.

Алматы облысында туған.
Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институты, Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1994-1998 жылдары Дилингтік операциялар басқармасының экономисі, жетекші экономисі, бөлім бастығы — алтын-валюта резервтері департаменті бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие операциялары департаменті директорының орынбасары, 1998-1999 жылдары «ҚазТрансОйл» ЖАҚ Тасымалдау департаментінің менеджері, 1999-2000 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз және бюджеттік кредиттеу департаменті директорының орынбасары, ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры, 2000-2002 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, басқарушы директоры, 2002-2003 жылдары «Қазақстанның даму банкі» ЖАҚ басқарушы директоры, 2003-2005 жылдары «Қазақстанның даму банкі» АҚ бірінші вице-президенті, 2005-2006 жылдары ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) президенті; «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Директорлар кеңесінің төрағасы болды.
52 жыл бұрын (1973) Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Серікұлы ҚОЙЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Түркістан облысында туған.
Еңбек жолы: 1989-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің педагог-жаттықтырушысы, 2002-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық спорт, туризм және жастар ісі бөлімінің басшысы, 2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық білім және спорт бөлімі басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімінің көмекшісі, 2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының қоғаммен байланыс мониторингі бөлімінің бас маманы, 2008-2009 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Құқықтық жұмыс департаментінің нормативтік құқықтық актілерді дайындау жөніндегі заң басқармасының сарапшысы, 2009-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат жөніндегі сарапшысы, 2012-2013 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Хатшылығының меңгерушісі, 2013-2015 жылдары ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары, 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, 2016-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының қоғамдық мониторинг бөлімінің бас инспекторы, 2017-2018 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік университеті директорының орынбасары, 2019-2020 жылдары Түркістан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
202 жылдан бері Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы.
95 жыл бұрын (1930-1992) қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Санжар Оразұлы ЖАНДОСОВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Өзбекстандағы Қоқан мұнай техникумын, Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық Ғылым Академиясын бітірген.
Атырау облысындағы Қосшағыл, Құлсары мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде, Қазақ КСР жоспарлау комитетінің экономисі, Алматы қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы облыстық партия комитетінің насихаттау бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік теле-радиохабарлары комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан КП ОК-нің ғылым мен оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, Кәсіби-техникалық білім беру мемлекеттік комитетінің төрағасы, Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы, Еңбек жөне әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі 3-шақырылым депутаты, Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің тұңғыш президенті, Қазақстанның демократиялық жаңаруына, республика экономикасының нарық қатынасына ауысуына және елімізде жеке кәсіпкерліктің дамуына зор үлесін қосты. «Принципы оптимизации регионального планирования», «Системный анализ в региональном планировании», «Оптимизация отраслевых и региональных комплексов Казахстана» (бірлескен авторлықта), «Экономические проблемы размещения сельского хозяйства в Казахстане» (бірлескен авторлықта) атты кітаптардың авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.