29 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 29 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сағитжанұлы СЕРМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Серік Сағитжанұлы СЕРМАҒАМБЕТОВ
Фото: Gov.kz

Қызылорда облысында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1988-1989 жылдары Алматы қаласы Балық шаруашылығы министрлігі орталық материалдық-техникалық базасының бас экономисі, 1989-1990 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазрыбхоз» ОҚО 1 санатты маманы, 1990-1991 жылдары Қызылорда балық зауытының экономист-қаржыгері, халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесінің аға есепшісі, 1992-1998 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімінің аға инспекторы, аға маманы, консультанты, 1999-2004 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық басқармасының басшысы.

 \2005-2008 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2008-2009 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, 2009-2011 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, 2011-2014 жылдары Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі, «Байқоңыр» СПК ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары «А-Сер и К» ЖШС басшысы, 2015-2018 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Дағдарыс жағдайларындағы жұмылдыру жұмысы және жедел талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, 2018-2021 жылдары «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, 2021-2024 жылдары Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі қызметін атқарды.

42 жыл бұрын (1984) «Талдау және ақпарат орталығы» экономикалық басқару құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Елдос Бигелдіұлы НАШЫРӘЛІ дүниеге келді.

 Елдос Бигелдіұлы НАШЫРӘЛІ
Фото: primeminister.kz

Жамбыл облысында дүниеге келген. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін (2005), Жаңа Зеландияның Массей университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (2009), мемлекеттік саясат магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бас сарапшысы (2010-2012); ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы (2012); ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы (2012-2016); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры (2016-2018); «Хабар» агенттігі» АҚ басқарушы директоры (2019-2021); «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2021); «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ басқарма төрағасы (2021-2022); «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы (2022); Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және хаттама департаментінің директоры (2022-2023); ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы (2023).

42 жыл бұрын (1984) ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшысының орынбасары Бақыт Амангелдіқызы ЕСІМОВА дүниеге келді.

Бақыт Амангелдіқызы ЕСІМОВА
Фото: ocsnt.kz

Павлодар облысында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін бітірген (2006, «Болашақ» бағдарламасы бойынша).

Еңбек жолы: «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар қауымдастығының менеджері, атқарушы директор кеңсесінің басшысы (2006-2007); «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының сарапшысы (2007-2008); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің стратегиялық жоспарлау және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы (2008-2010); Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті басшысының орынбасары (2010-2011); Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің басшысы (2011-2013); Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы (2013-2015); «Астана қаласының Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2015-2020); Қостанай облысы әкімінің орынбасары (2020-2022).

Қазіргі қызметін 2022 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

96 жыл бұрын (1930-1992) қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Санжар Оразұлы ЖАНДОСОВ дүниеге келген.

Санжар Оразұлы ЖАНДОСОВ
Фото: e-history.kz

Алматы қаласында туған. Өзбекстандағы Қоқан мұнай техникумын, Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық Ғылым Академиясын бітірген.

Атырау облысындағы Қосшағыл, Құлсары мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде, Қазақ КСР жоспарлау комитетінің экономисі, Алматы қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы облыстық партия комитетінің насихаттау бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік теле-радиохабарлары комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан КП ОК-нің ғылым мен оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, Кәсіби-техникалық білім беру мемлекеттік комитетінің төрағасы, Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы, Еңбек жөне әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасы қызметтерін атқарған.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі 3-шақырылым депутаты, Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің тұңғыш президенті, Қазақстанның демократиялық жаңаруына, республика экономикасының нарық қатынасына ауысуына және елімізде жеке кәсіпкерліктің дамуына зор үлесін қосты.

«Принципы оптимизации регионального планирования», «Системный анализ в региональном планировании», «Оптимизация отраслевых и региональных комплексов Казахстана» (бірлескен авторлықта), «Экономические проблемы размещения сельского хозяйства в Казахстане» (бірлескен авторлықта) атты кітаптардың авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар