29 қаңтарда жолдағы ахуал қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
2026 жылғы 29 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар автожолдың бір учаскесінде көлік қозғалысы шектелген:
• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» республикалық автожолының 338-718-шақырымы аралығы (Бейнеу ауылы – Жетібай ауылы учаскесі).
Сондай-ақ Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.
Еске салайық, 29 қаңтарда синоптиктер Қазақстанның барлық өңірі бойынша ауа райына байланысты ескерту жасады.