15:03, 28 Қараша 2011 | GMT +5
29 қарашада Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Егіздер парады» өтеді
МАТЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 29 қарашада 28 панфиловшылар атындағы саябақта ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі құрметіне орай «Егіздер парады» өтеді.

«МедЭкспо» ЖШС-ның ұйымдастыруымен өтетін шеруге шамамен 300-ге тарта егіздер және үшемдер - қосымша репродуктивтік технологияларды пайдаланудың арқасында дүниеге келген тәуелсіз Қазақстанның балдырғандары қатысады.
Бүгінде «ЭКО» экстракорпоральдық ұрықтандыру орталығы көмегінің арқасында 6 мыңнан астам бала дүниеге келіп, ата-аналарына қуаныш пен бақыт сыйлап отыр. Осы жылы "Шыны түтіктен" туған бірінші бала 15 жасқа толды.