15:03, 28 Наурыз 2025 | GMT +5
29 наурыз күні Алматыда Тоқаев пен Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – 29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан ары нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездескенін хабарлаған едік.