29 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 29 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

29 шілде, ЖЕКСЕНБІ

Ресейде әскери-теңіз флотының күні. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Мерекелік және атаулы күндер туралы» 1980 жылғы 1 қазандағы Жарлығымен шілденің соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

Украинада сауда қызметкерлерінің күні. Жыл сайын шілденің соңғы жексенбісінде Украинада сауда саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

76 жыл бұрын (1936) Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің Қарағанды облысын бөлу туралы қаулысы жарық көрді. Осы құжатқа сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бөлініп шықты. Қарағанды облысының орталығы - Қарағанды қаласы. Облыс құрамында 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар.

76 жыл бұрын (1936) Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде Қостанай облысы құрылды. Орталығы - Қостанай қаласы. Бүгінгі таңда облыс құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан, 808 ауылдық елді мекен бар.

12 жыл бұрын (2000) Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды. Ұзақ жылдар бойы көп қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді. 45 жыл бойына дерлік Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың құрбандығына шалынды.

22 жыл бұрын (1990) Алматыдағы Медеу мұз айдынында «Азия  дауысы» музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың бірінші Халықаралық байқауы өтті. Бас жүлдені Өзбекстаннан келген «Карс» тобы жеңіп алды. 1993 жылы «Азия  дауысы» Халықаралық фестивальдар ұйымдастыру федерациясына (ФИДОФ) мүшелікке қабылданды. Аталған байқауға арналған «Алтын домбыра» жүлдесін алғашқы жылдары М.Жүнісова, Н.Есқалиева, 1997 жылы Р.Рымбаева жеңіп алды.

20 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесі» бекітілді.

138 жыл бұрын (1874) ағылшындық Уолтер Вингфилд жиналмалы теннис кортына патент алды.

98 жыл бұрын (1914) бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы оғы атылды. Австрия-Венгрия Сербияның астанасы Белградты атқылай бастады.

7 жыл бұрын (2005) елордада жаңа саябақ ашылды. Ол Қазақстан спорткешенінің маңында Ақ Бұлақ өзенінің жағалауында орналасқан. Жалпы аумағы 11,32 га құрайды. Саябақта 2 мың 800 шаршы метрге гүл, 1800 ағаш көшеті отырғызылған, 385 шамдар орнатылған. 2 мың 146 шаршы метрді құрайтын балаларға арналған ойын алаңы бар. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңдары да бар. Спортшыларға арналған жаттығу орындары кішігірім теннис кортын, баскетбол алаңын, бадминтон ойнайтын алаңды құрайды. Саябақтың орталығында жалпы диаметрі 18 метрді құрайтын су бұрқақ орналасқан.

7 жыл бұрын (2005) Алматыда шілденің 29 мен 31 аралығында «Тау самал» атты авторлық өлеңдердің фестивалі өтті.

Ұйымдастырушысы - Алматы облысы әкімшілігінің қолдауымен «Аэлита» шығармашылық бірлестігі. Шараға қолдау көрсеткендер «Dilmah» сауда маркасы, «Oil trade center» компаниясы және «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты.

3 жыл бұрын (2009) Павлодар облысында Есқара ауылында жаңа мешіт ашылды.

Көк күмбезді және төрт мұнаралы мешіт мектептің жанынан салынып отыр. Бұл кездейсоқ емес - мешітке Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан бұрынғы мұғалім Шайдолла Ахметовтың (1910-1943) есімі берілген.

Мешіт Железин ауданы тұрғындарының қаржыларына салынып отыр, жауынгердің ұлы мен немерелері де қомақты үлес қосты.

2 жыл бұрын (2010) Астанада «Менің Отаным - Қазақстан» сериясы ауқымында «Баянауыл» кітабы жарық көрді. Көркем безендірілген ғылыми-көпшілік басылымды тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев жазып шықты. Баспа 2006 жылдан «Менің Отаным - Қазақстан» сериясымен біздің тарихи аймақтарымызға арналған кітаптар шығарып келеді. Бұған дейін «Ұлытау», «Ойыл», «Ерейментау», «Қазығұрт», «Отырар» атты кітаптар шыққан болатын. Жамбыл Артықбаевтың кітабында Баянауыл өңірінің бұрынғы және қазіргі тарихынан сыр шертіледі. Табиғаты көркем өңірден талай марқасқа азаматтар шыққан.

Таныстырылымға қатысқан зиялы қауым бұл кітап өлкетанушылар мен тарихшыларға ғана емес, өңірдің ерекшелігін білуге құмартқан бүкіл оқырман қауым үшін де пайдалы екенін атап өтті. «Баянауыл» кітабының алғашқы таралымы - 1000 дана.

2 жыл бұрын (2010) Польшаның Балтық жағалауындағы Ленбе курорттық қалашығында Қазақстанға арналған көрме өтті. Бұл польшалық қала үшін көрменің ерекше экспонаты бай жабдықтарға толы қазақтың нағыз киіз үйі болды. Сондай-ақ «Астана - болашақтың қаласы» және «Қазіргі Қазақстан» фотокөрмелері де қойылды. Жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыруымен өтіп отырған «Теңіз бен Дала - екі күш» атты көрме Қазақстанның бастамасымен биылғы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында «Мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылы» аясында Қазақстан мен Польша халықтарының мәдениетін танудағы тағы бір қадам болып табылады. Көрме аясында қазақтың музыка өнерін зерттеуші Александр Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» кітабының тұсаукесері тағы бір айтулы сәт болды.

31 жыл бұрын (1981) Әулие Павелдің лондондық шіркеуінде британдық тақ мұрагері ханзада Чарльз Уэльский мен Диана Спенсер ханымның неге отыру рәсімі өтті.

154 жыл бұрын (1874) АҚШ-тың қысым көрсетуімен Жапония шетелдіктер үшін Токио мен Осаканың есігін ашты.

138 жыл бұрын (1874) ағылшындық Уолтер Вингфилд жиналмалы теннис кортын патенттеді.

94 жыл бұрын (1918) большевиктер Максим Горькийдің «Жаңа өмір» газетін жапты.

91 жыл бұрын (1921) Адольф Гитлер Ұлттық-социалистік неміс жұмыс партиясының көшбасшысы болды.

71 жыл бұрын (1941) Румыния 1940 жылы КСРО-ға берілген Бессарабия мен Буковиныді өзіне қайтаратындығын мәлім етті.

70 жыл бұрын (1942) КСРО-да Александр Невский, Суворов және Кутузов ордендері тағайындалды.

64 жыл бұрын (1948) Лондонда Олимпиада ойындарының ашылуы өтті.

55 жыл бұрын (1957) 1956 жылдың 23 қазанында бекітілген МАГАТЭ-нің Жарғысы күшіне енді.

27 жыл бұрын (1985) М.С.Горбачев кез келген бір жақты ядролық жарылыстарды тоқтату туралы  Кеңестер Одағының шешімі туралы мәлім етті. 1986 жылдың 1 қаңтарына дейін мораторий жарияланды.

 

ЕСІМДЕР

89 жыл бұрын (1923-1984) жазушы, аудармашы АНТОНОВ Василий дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Ұлы Отан соғысына, Ленинград құрсауын бұзуға қатысқан.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы кітабы - сатиралық әңгімелер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Көркем аударма саласында Ж.Тілековтің «Жоңғар даласында», Ө.Қанахиннің «Дәмелі», Ж.Босақовтың «Дүрбелең» романдарын орысшаға тәржімалаған.

79 жыл бұрын (1933) Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі УХОБОТОВ Лев Леонидович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген. 1963 жылдан Алматы қаласында тұрып, Қазақстан қала құрылысын жобалау институтында жобалау тобының жетекшісі, бөлім бастығы, бас сәулетшісі қызметтерін атқарған. Оның жобасы бойынша (сәулетшілер Н.Рипинский, Ю.Ратушныйлармен бірге) Алматы қаласында Республика сарайы, «Қазақстан» қонақ үйі, т.б. ғимараттар салынды.

74 жыл бұрын (1938) техника ғылымының докторы, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры БАКИРОВ Рашид дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Ташкент политехникалық институтын, мәскеудегі Н.Бауман атындағы Жоғары техникалық училищенің аспирантурасын бітірген. Қарағанды машина жасау зауытында, Қарағанды политехникалық институтында істеген. Ғалымның 100-ге жуық ғылыми жұмысы, 2 монографиясы, бірнеше оқу-әдістемелік еңбегі және авторлық куәліктері бар.

63 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері ЖҰМАБАЕВ Ермек Жианшаұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Баянауыл ауданы прокуратурасының тергеушісі, Павлодар облысы прокуратурасының аға тергеушісі, Индустриальный ауданы прокурорының орынбасары, Екібастұз, Май, Железинск аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған. 1995 жылдан бері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен және үш медальмен марапатталған.

57 жыл бұрын (1955) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің басшысы - бас редакторы СЕМБАЕВ Мағауия Сланбекұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Аққора ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың бірінші орынбасары, бас редактордың міндетін атқарушы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика факультетінің аға оқытушысы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 1997 жылдың қарашасынан.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері. Қазақстан Республикасының мерекелік медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, бас редакторлардың Г.Толмачев атындағы сыйлығының лауреаты.

33 жыл бұрын (1979) Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ШӘПКЕНОВ Серік Жамбылұлы дүниеге келді.

Серік Жамбылұлы Шәпкенов, 1979 жыл туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы экономист-математик.
Еңбек жолын Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. 2001-2001 жылдары Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау мекемелерінде жетекші маман болды.
2002-2006 жылдары Батыс Қазақстан  облыстық қаржы  басқармасында жетекші экономист, бас маман-экономист лауазымдарын атқарды.
2006 жылы Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бөлім бастығы болды.
2006-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы департаментінің бөлім бастығы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2007-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары.
2009-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болды.

2012 жылдың қаңтарынан - облыс әкімінің орынбасары.

50 жыл бұрын (1962) ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Ақпарат және байланыс департаментінің директоры ҚҰНДАҚБАЕВ Марат дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар