29 шілде. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 29 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1949) мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламент Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Ермек Жианшыұлы ЖҰМАБАЕВ дүниеге келді.
Павлодар облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Павлодар облысында сегіз жылдық мектептің мұғалімі болып бастаған. Павлодар облысындағы Железин ауданының прокуроры болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші шақырылымында Сенат депутаты болып сайланған, 1999 жылғы желтоқсаннан 2005 жылғы желтоқсанға дейін Заңдар және құқықтық реформа комитетінің төрағасы. 2005-2007 жылдары Мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңестің, Заңдар жинағын жасау жөніндегі Үкіметтік комиссияның мүшесі. Парламентаралық Одақтың, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама корольдігінің Парламентімен ынтымақтасу тобының мүшесі болды.
45 жыл бұрын (1979) Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы ШАПКЕНОВ дүниеге келді.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик. «Нұр Отан» партиясының мүшесі (2005 жылдан).
Еңбек жолы: 2000 жылдан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы. 2001 жылдан Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы. 2002 жылдың маусымынан Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан бас маманы. 2006 жылдың қаңтарынан БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы. 2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы. 2007 жылдың қаңтарынан БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары. 2007 жылдың қазанынан БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары. 2009 жылдың қыркүйегінен Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы. 2014 жылдан ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2016-2018 жылдары Атырау қаласының әкімі. Атырау облысы әкімінің орынбасары (2018-2020). Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2020-2021). Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2021-2022).
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
43 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы (ҚХР) Бас консулы Рашид Кәрібайұлы ЕРИШЕВ дүниеге келді.
Ақмола облысының Көкшетау қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын халықаралық құқық мамандығы (2002), Дипломатиялық академияны, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша (2005) тәмамдаған.
Еңбек жолы: ҚР СІМ Азия және Африка департаментінде атташе, үшінші хатшы (2005-2007), Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығында үшінші хатшы (04.2007-11.2007), Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігінде үшінші хатшы, екінші хатшы (2007-2011), ҚР СІМ Еуропа департаментінің екінші хатшысы (2011-2012), Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы (2012-2015), ҚР СІМ Сыртқысаяси талдау және болжам департаментінің кеңесшісі (2015-2017); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы (2017-2019).
Қазіргі қызметін 2019 жылдың шілде айынан бастап атқарып келеді.
42 жыл бұрын (1982) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Социалұлы СЕЙТЖАН дүниеге келді.

Қостанай облысы Амангелді ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих. Құқық және экономика негіздері" факультетін бітірген (2007); University of Reading (Англия), "Education (Leadership and Management)" магистрі (2015).
Еңбек жолы: Алматы қаласы, Медеу ауданының № 7 жалпы білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі (2007); мүгедек балаларға арналған "Мейірім" оңалту орталығында әлеуметтік бағдарламалар бойынша менеджер (2017-2022); қонақ үй бизнесінің директоры (2017-2022); "Қазақстан голбол федерациясы" ЗТБ Бас хатшысы (2016-2022); РҚБ президенті "Қазақстан Паравелоспорт Федерациясы" (2021-2023).
2024 жылғы ақпаннан бастап қазіргі қызметінде.