29 желтоқсанда елдегі қай жолдар жабық тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 29 желтоқсан сағат 08:00–ден бастап республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды:

Атырау облысы

• «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 337-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы).

Ақтөбе облысы

• «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 5-234-шақырымы (Қарабұтақ кенті — Қостанай облысының шекарасы).

Қостанай облысы

• «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 234-310-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы — Адаевка ауылы).

Жүк көліктері қозғалысын шектеу

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 104-337-шақырымы (Қандыағаш қаласы — Атырау облысының шекарасы);

• «РФ шекарасы — Мартук — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240-шақырымы (ECO Oil жанармай құю бекеті — Қызылорда облысының шекарасы).

Қызылорда облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қаласы).

Сондай-ақ тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Жабық жолдар

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды:

Атырау облысы

• «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» автожолының 130-210-шақырымы (Құлсары кенті — Маңғыстау облысының шекарасы).

Маңғыстау облысы

• осы автожолдың 210-632-шақырымы (Атырау облысының шекарасы — Шетпе ауылы).

Жетісу облысы

• «Үшарал — Достық» автожолының 84-164-шақырымы (Көктума кенті — Достық станциясы).

Ал Павлодар облысында «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар