3 адамның өмірін қиған Алматыдағы апат: Автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма

Әлеуметтік желіде Алматыда болған апатқа қатысты автобус жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

Астанада жосықсыз құрылыс салғандарға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр
Фото: Kazinform

Әлеуметтік желіде Алматыда жолаушының соққысынан есінен танып, салдарынан қоғамдық көлікті басқара алмай қалған жүргізуші әйел үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жазылды.

Қалалық Полиция департаменті қоғамдық көлік жүргізушісі К. есімді азаматшадан, жәбірленуші ретінде қылмыстық істер аясында жауап алынғанын мәлімдеді.

Бұрын хабарланғандай, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасымен ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі, 351-бабы 3-бөлігі және 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

Айта кетейік, қоғамдық көлік жүргізушісі К. есімді азаматшадан, жәбірленуші ретінде қылмыстық істер аясында жауап алынды.Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады»,- деп атап өтті ведомстводан.

Еске салайық, Алматыда автобус бір топ адамды қаққан еді. Полицияның мәліметінше, №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.

Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды.

Сондай-ақ, Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлағанбыз.

Кейін ол екі айға қамауға алынды. 

Соңғы жаңалықтар