3 ақпан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 3 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
72 жыл бұрын (1954) эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі Нағима Қабылқызы ЕСҚАЛИЕВА дүниеге келді.

Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын, Алматы музыкалық училищесін бітірген.
1977-1985 жылдары «Қазақконцерт» жанындағы музыкалық ансамбльдер бірлестігінің, «Гүлдер» ансамблінің әншісі болған. 1985 жылдан Алматы облыстық филармониясы эстрадалық труппасының жетекшісі қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушы. Халықаралық эстрада әншілерінің «Алтын Орфей» байқауының, Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты атанған.
59 жыл бұрын (1967) «Астық қоймалары» ЖШС дирекциясының басшысы, мүшесі Марат Әблахатұлы ОРАЗАЕВ дүниеге келді.

Семей облысында туған. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, инженер-экономист.
Еңбек жолы: 1991 жылы Қазақ экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының экономисі, 1993-1997 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Орталық аппараты Агроөнеркәсіптік кешендерді қаржыландыру және табиғатты қорғау басқармасының жетекші экономисі, бас экономисі, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, бастығы, 1997-1999 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаменті Бюджеттің орындалуы мен есептілігін қалыптастыру мен талдау басқармасы бастығының орынбасары, Бюджет саясаты басқармасының бастығы, 1999-2002 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы департаменті директорының орынбасары. 2002-2008 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры, 2008 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2011-2012 жылдары ҚР Президенті іс басқарушының орынбасары, 2012-2019 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры, 2019-2021 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы, 2021-2024 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы болып қызмет атқарған.
2025 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медалімен; Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2005) марапатталған.
48жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшесі Қазыбек Құрманғалиұлы ӘЛІШЕВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылында туған. 1995-1999 жылдары «Нұр» Ақтөбе мемлекеттік емес менеджмент, бизнес және құқық институтында, 1996-1999 жылдары Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінде білім алған.
Еңбек жолын 1998 жылы сот орындаушысы болып бастаған. 2000-2003 жылдары Ақтөбе облысы Қобда және Мұғалжар аудандары прокурорының көмекшісі, 2003-2005 жылдары Ақтөбе облысы Темір ауданы прокурорының орынбасары, 2006-2008 жылдары «Бұлан» ЖШС Бас директорының кеңесшісі, 2008-2010 жылдары «ИГС-Сичим» ЖШС БК Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі директоры, 2010 жылы Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып қызмет атқарған. 2010-2011 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының құжаттаманың орындалуын бақылау бөлімінің меңгерушісі, 2011-2012 жылдары Атырау облысы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысы, 2013-2018 жылдары «ACRB LTD» ЖШС коммерциялық директоры, 2018-2023 жылдары «Арман-М» ШҚ басшысы болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы наурыздан бері атқарып келеді.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, III дәрежелі «Адал еңбегі үшін» медалімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан полициясына 30 жыл» естелік төсбелгісімен, ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
48 жыл (1978) бұрын Жетісу облысы прокурорының орынбасары Бірлік Қуатбекұлы ІЗБАСАРОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған.2001 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2018 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолы: 2001-2008 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінде орта және басшы құрамдағы түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2008-2014 жылдары Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде (қаржы полициясы) аға инспектор, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 2014-2017 жылдары Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Оңтүстік аймақаралық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2017-2020 жылдары Алматы қаласының прокуратурасында қала прокурорының аға көмекшісі және басқарма басшысы лауазымдарында қызмет етті. 2020-2021 жылдары Алматы қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқарма басшысы болып жұмыс істеді. 2021-2022 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2022-2025 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданының прокуроры болды.
Қазіргі қызметін 2025 жылғы қазаннан бері атқарып келеді.
44 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Юлия Владимировна КУЧИНСКАЯ дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Халықаралық қатынастар институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «ЦЕССИ-Қазақстан „Салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты“ ЖАҚ жобалар менеджері болып бастады. 2004-2009 жылдары „ЦЕССИ-Қазақстан „Салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты“ ЖШС әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы. 2009-2010 жылдары „Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы“ ҚБ директорының орынбасары, 2011-2016 жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтану кафедрасының доценті м. а. болды. 2016 жылы „Жастар“ ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директоры, 2016-2018 жылдары «Нұр Отан партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы» ЖМ директоры, 2018 жылы «Нұр Отан» партиясының Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институты» ЖМ директоры, 2018 жылы «Нұр Отан» партиясының стратегиялық бастамалар институты» ЖМ директорының бірінші орынбасары — Стратегиялық бастамалар орталығының басшысы, 2018-2019 жылдары «Nur Otan» партиясының қоғамдық саясат институты» ЖМ директорының орынбасары, 2019 жылы «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының жоспарлау және мониторинг департаментінің директоры, 2019-2021 жылдары «Nur Otan» партиясының қоғамдық саясат институты» ЖМ директоры қызметін атқарған.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.
ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен (2014), „Ерен еңбегі үшін“ медалімен (2017) марапатталған.