3 қаладағы әуежайлардың жұмысы уақытша тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Алматы, Ақтөбе және Ақтау қаласында әуежай уақытша жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.
None
None

Алматы қаласының әуежайы уақытша жұмыс істемей тұр. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді. Сонымен қатар Scat әуе компаниясы Ақтау мен Ақтөбе қаласы әуежайының жұмысы да тоқтатылғанын растап отыр. Бүгін бұл қалаларға қатынайтын әуе рейстері тоқтатылды. Билеттерді сатып алған жерден қайта өткізуге болады. Жолаушылар үшін үздіксіз жедел желі іске қосылды. 87252 99-88 -80 нөміріне хабарласып әуе рейстері бойынша ақпаратты алуға болады.

Аталған телеарнаның хабарлауынша, елорданың әуежайы толық штатта жұмыс істеп тұр.


Соңғы жаңалықтар