3 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 3 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

15 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1965) Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы ӘЗІЛХАНОВ дүниеге келген.

Марат Алмасұлы ӘЗІЛХАНОВ
Фото: Ақорда

Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін емдеу ісі (1988) мамандығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын құқықтану мамандығы бойынша (2000) бітірген.

Еңбек жолы: 1988-1992 жылдары Қызылорда қаласында дәрігер-хирург, 1992-2011 жылдары ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарды, 2011-2013 жылдары ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы, 2014-2016 жылдары ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, 2016-2018 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы, 2018-2019 жылдары ҚР Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы, 2019-2021 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымын 2021 жылғы сәуірден бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2016); ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2003), ІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2007), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2009), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен; ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты берілген (2010).

54 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы Ақмарал Бекесқызы ҚДЫРОВА дүниеге келді.

Алматы технологиялық университетін (технология және тамақтандыруды ұйымдастыру), Д.А. Қонаев атындағы университетті (құқықтану) бітірген.

Еңбек жолы: 1990-1999 жылдары Алматы қаласының «№170 бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиешісі, 2000 жылы Алматы қаласы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының жетекші маманы, 2000-2003 жылдары Бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету тобының прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы криминалдық ақпарат және мұрағат жұмысы бөлімінің аға прокуроры, 2003 жылы Сот органдарының құқықтық статистиканы қалыптастыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін тексеру бөлімінің аға прокуроры, 2003-2004 жылдары Қылмыстылық, алдын ала тергеу, анықтау және прокуратура органдарының жұмысы туралы құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің бастығы, 2004-2006 жылдары Сот органдарының және прокуратура органдарының құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің бастығы, 2007-2009 жылдары Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, 2009-2010 жылдары Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, 2010 жылы Құқықтық статистика қалыптастыру бөлімінің бастығы, 2011-2018 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2018-2025 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

Қазіргі лауазымын 2025 жылдан бері атқарып келеді.

53 жыл бұрын (1973) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Нұргүл ТАУ дүниеге келді.

Нұргүл ТАУ
Фото: massaget.kz

1995 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 2011-2014 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураны бітірген, мамандығы: Білім саласындағы басқару (MA in Education, University of Sheffield, United Kingdom). 2021-2022 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен, мамандығы: Мемлекеттік басқару (Internship program, Sol Price School of Public policy, University of Southern California, USA).

Еңбек жолын Алматы қаласы, Қазақстан-Ресей инженерлік-экономикалық колледжінің оқу бөлімінің әдіскері, оқытушысы ретінде бастады. 2000-2002 жылдары Алматы қаласы, Қазақстан-Ресей инженерлік-экономикалық колледжінің кадр бөлімінің инспекторы, 2006-2008 жылдары Алматы қаласы Білім департаментінің тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы, 2008-2015 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің бас маманы, 2015-2021 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының тәрбие және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурыз айынан бастап атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Мәмбетұлы ҚОЙГЕЛДИЕВ дүниеге келді.

 Ғалымжан Мәмбетұлы ҚОЙГЕЛДИЕВ
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Жамбыл облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2002-2004 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқығы кафедрасының оқытушысы, 2004-2005 жылдары Сыртқы істер министрлігі ХОЗУ консулдық қызмет басқармасының маманы, 2005-2006 жылдары атташе, ҚР Сыртқы істер министрлігі басқармасының үшінші хатшысы, 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінің екінші хатшысы, 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, 2011-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының халықаралық ынтымақтастық департаменті басшысының орынбасары, 2017-2022 жылдары ҚР Бас прокуратурасының халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы, 2022-2023 жылдары ҚР Бас Прокуратурасының басшысы болып қызмет атқарған.

2023 жылдың қазан айынан бері қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар