3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болады, жел 15-25 м/с-ты құрайды, солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстікте кей жерлерде найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман, 15-20 м/с екпінмен соққан жел 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-тан 23 м/с-қа артады. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді.
Ақмола, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында жаяу бұрқасын жүріп, желдің жылдамдығы 15-25 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман болжанады.