3 қыркүйек. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 3 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None
None

ЕСІМДЕР

null 89 жыл бұрын (1929) филология ғылымдарының докторы, профессор, әдеби сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЕЛЕУКЕНОВ Шериаздан Рүстемұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Журналистік және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысты. 1971-1986 жылдары Мемлекеттік баспа, полиграфия, және кітап саудасы комитетінің төрағасы. 1986-1988 жылдары - Әдебиет және өнер институтының директоры, 1988-1996 жылдары - осы институттың орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, оған қоса Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

«Қазақ романы және қазіргі дәуір», «Замандас парасаты», «Фольклордан роман-эпопеяға дейін», «Мағжан» сияқты ғылым еңбектердің, «Кітаптану негіздері», «Газет жанрлары», «Қазақ кітабының тарихы» және басқа да оқулықтардың авторы.

«Құрмет белгісі» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

null 79 жыл бұрын  (1939-1991) қазақ қыпшақтанушысы, ғалым-археолог АҚЫНЖАНОВ Сержан дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында қызмет істеді.

С.Ақынжанов «Қыпшақтар мен олардың ХІ - ХІІІ ғасырдың басындағы Хорезммен өзара саяси қатынастары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Отандық тарих, археология, ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениетіне арналаған елуден астам ғылыми еңбек жазды. «Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар» атты қыпшақтардың қоғамдық құрылысы, мемлекеттік құрылымдары мен мал шаруашылық түрлері жөніндегі көлемді еңбегі жарыққа шықты. Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясына, Шүлбі, Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицияларына, сондай-ақ Қазақстан археологиясы тарихында тұңғыш құрылған қазақ-американ халықаралық археологиялық-этнографиялық экспедициясына жетекшілік етті. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының археологиялық технология зертханасын басқарған.

null 70 жыл бұрын (1948-2014) Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Инженерлік және Халықаралық инженерлік академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ДАНАЕВ Нарғозы Тұрсынбайұлы  дүниеге келген.

Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе ауылында дүниеге келген. 1972 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) тәмамдаған.

КСРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесі есептеу орталығында стажер-зерттеуші (1972-1974), сонда аспирант (1974-1977), аға инженер (1977-1982). ҚазМУ-дың аға оқытушысы, доценті (1982-1995), ҚазМУ-дың жанындағы Математика және механика институтының директоры (1995-1997, 2000 жылдан). ҚазМУ-да декан (1997-2000) болды. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары есептеу математикасына, сондай-ақ сұйықтық, газ және плазма механикасына арналған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994).


null 67 жыл 
бұрын (1951) «Оралдың «Зенит» зауыты» АҚ бас директоры ВАЛИЕВ Вячеслав Хамзаұлы дүниеге келді.

Орал қаласында туған. Ленинград кеме жасау зауытын үздік бітірген, инженер-электр механигі. Арнайы техникалар бойынша өнертабыстары бар. 1968 жылы К.Е. Ворошилов атындағы машина жасау зауытында (2003 жылдан - «Оралдың «Зенит» зауыты» АҚ) жұмысшы. 1975 жылдан - инженер-конструктор, жетекші инженер-конструктор, механикалық бұйымдар секторының бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бастығы, 1988 жылдан - бас конструктор, 1989 жылдан І дәрежелі Отан соғысы орденді К.Е.Ворошилов атындағы машина жасау зауытының директоры. 1991 жылдан - «Зенит» зауытының директоры. 1994 жылдан «Орал «Зенит» зауыты» ААҚ президенті. 2001 жылдан - «Орал «Зенит» зауыты» ААҚ бас директоры.

«Құрмет» (2005), орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» (1985), «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен, «І дәрежелі «Шекара әскері үздігі» (2005), «Құрметті ма­шина жасаушы» (2006), төсбелгісімен, «Ресейдің суасты күштері қуатын құрудағы жеке үлесі үшін» халықаралық күміс ескерткіш белгісімен, (2006). марапатталған. ҚР Құрметті инженері (2005).

null 58 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті өкілдігінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі бас инспекторы - ЫСҚАҚ Әкім Әбдіхайымұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылында туған.  Шымкент педагогика институтының физика және Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1980 жылдан өзі оқыған Абай атындағы орта мектептің мұғалімі, 1990 жылы Бөген аудандық партия комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарындағы меншікті тілшісі.  1991 жылы халық депутаттары Шымкент облыстық кеңесінің баспасөз хатшысы, 1992 жылдан Ордабасы ауданы білім бөлімінің меңгерушісі болған. 1995 жылы желтоқсанда баламалы негізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. жауапты қызметкері, 2004 жылы «Отан» партиясы орталық аппаратының кеңесшісі болған.

Қазіргі қызметінде - 2004 жылдың сәуірінен бері.

Қазақстан парламентаризмінде тұңғыш қазақ тілінде, әрі Үкіметке баламалы негізде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы. Балаларға арналған «Котлет» атты тұңғыш сықақ әңгімесі 1977 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде басылған.  1989 жылы Самарқандта өткен Орта Азия және Қазақстан жастары өнер және поэзия фестивалінің лауреаты, республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты (1985), С.Ерубаев атындағы Шымкент облыстық Жастар сыйлығының лауреаты (1992). «Абзалдық әліппесі» атты кітабы бірқатар университеттер мен мектептерде пән ретінде оқытылуда. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. 1997 жылы «Жыл адамы» атағын алған. Философиялық тәлім-тәрбиеге негізделген «Жүректегі жазулар», «Адам іздеп жүрмін» атты эссе-кітаптары жарық көрген. Көптеген әндердің авторы. «Көңіл қымбат» (2008), «Досыма» (2009) атты ән-альбомдары, «Жүректегі жазулар» атты DVD жинағы жарыққа шыққан. Шығармалары орыс, өзбек, түрікмен тілдеріне аударылған. Ордабасы ауданының Құрметті азаматы. «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған. Моңғолияның «Шыңғысхан» медалінің иесі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.

null 56 жыл бұрын (1962) «А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы БАЙМАХАНОВ Болатбек Бимендіұлы дүниеге келді.

Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы медицина институтының емдеу факультетін (1986) хирург мамандығы бойынша, Т. Рысқүлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетін (2006) экономика бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. Медицина ғылымдарының докторы (2001). Профессор (2006 жылдан). 1986 жылдан - Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігер-хирургі, 1987 жылдан - эндоскопист-дәрігері. 1990 жылдан - А.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және сынақтық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, 1991 жылдан - хирургия бөлімінің ғылыми қызметкері, 1995 жылдан - Алматыдағы хирургия бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 2000 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 2002 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы. 2003 жылдан - «А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығы» РМКК директоры, 2007 жылдан бөлім меңгерушісі (Алматы қ.). 2008 жылдың шілдесінен - Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 2011 жылдан «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы. 2012 жылдан бастап Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық емхананың бас дәрігері. 

Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың ақпан айынан бастап.
«Құрмет» орденімен (2006), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.  

null 42 жыл бұрын (1976) «Эйр Астана» әуе компаниясының жоспарлау бойынша атқарушы директоры АЛИГУЖИНОВА Алма дүниеге келді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Шығыс Каролина университетін бітіріп, МВА - Іскерлік ұйымдастыру магистірі дәрежесін алған.

Ол 2001 жылдан бастап, компанияның құрылған кезінен бері, ұшулар орындалмастан бұрын жұмыс істеп келе жатыр.  Еңбек жолын компанияда корпоративті қатынастарды дамыту мәселесімен айналысатын менеджер қызметінен бастады. Кейінірек корпоративті қатынастарды дамыту мәселесімен айналысатын директор қызметіне тағайындалды. «Эйр Астана» АҚ Стратегиялық және коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға вице-президенті болды.





null 32 жыл бұрын (1986) спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Олимпиада жүлдегері, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы ТАҢАТАРОВ Ақжүрек Достықұлы дүниеге келді.

Ол Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарында 66 кг салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын қорғап, қола жүлдегер атанды.








null 143 жыл
 бұрын (1875-1951) австриялық инженер, немістің «Фольксваген» автомобилін жасаушы ПОРШЕ Фердинанд дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар