3 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 3 қыркүйек тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

3 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР

9 4 жыл бұрын (1929-2020) филология ғылымдарының докторы, профессор, әдеби сыншы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шериаздан Рүстемұлы ЕЛЕУКЕНОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Журналистік және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысты.

Еңбек жолы: 1971-1986 жылдары – Мемлекеттік баспа, полиграфия, және кітап саудасы комитетінің төрағасы. 1986-1988 жылдары – Әдебиет және өнер институтының директоры, 1988-1996 жылдары – осы институттың орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, оған қоса әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры. «Қазақ романы және қазіргі дәуір», «Замандас парасаты», «Фольклордан роман-эпопеяға дейін», «Мағжан» сияқты ғылым еңбектердің, «Кітаптану негіздері», «Газет жанрлары», «Қазақ кітабының тарихы» және басқа да оқулықтардың авторы.

«Құрмет белгісі» орденімен, көптеген медальмен марапатталған.

8 4 жыл бұрын (1939-1991) қазақ қыпшақтанушысы, ғалым-археолог Сержан АҚЫНЖАНОВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Қазақ ССР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында қызмет істеді. Отандық тарих, археология, ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениетіне арналған елуден астам ғылыми еңбек жазды. «Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар» атты қыпшақтардың қоғамдық құрылысы, мемлекеттік құрылымдары мен мал шаруашылық түрлері жөніндегі көлемді еңбегі жарыққа шықты. Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясына, Шүлбі, Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицияларына, сондай-ақ Қазақстан археологиясы тарихында тұңғыш құрылған қазақ-американ халықаралық археологиялық-этнографиялық экспедициясына жетекшілік етті. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының археологиялық технология зертханасын басқарған.

7 5 жыл бұрын (1948-2014) Физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нарғозы Тұрсынбайұлы ДАНАЕВ дүниеге келген.

Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе ауылында туған. 1972 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) тәмамдаған. КСРО Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі есептеу орталығында стажер-зерттеуші (1972-1974), сонда аспирант (1974-1977), аға инженер (1977-1982). ҚазМУ-дың аға оқытушысы, доценті (1982-1995), ҚазМУ-дың жанындағы Математика және механика институтының директоры (1995-1997, 2000 жылдан). ҚазМУ-да декан (1997-2000) болды. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары есептеу математикасына, сондай-ақ сұйықтық, газ және плазма механикасына арналған.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994).

62 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы Еркін Әнуарұлы ОҢҒАРБАЕВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында туған. СССР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін (1984); СССР Ішкі істер министрлігінің Мәскеу жоғары мектебінің адъюнктурасын (1990) бітірген.

Комсомол комитетінің хатшысы, Қарағанды Жоғары мектебін оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, бөлім бастығы (1984-1996); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің аса маңызды тапсырмалар бойынша аға инспекторы (1996-1997); Қарағанды Жоғары мектебі бастығының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары (1997-1999); Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқу орындарының басқарма бастығы (1999-2000); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі (2000-2003); Қазақ гуманитарлық-заң университетінің проректоры, бірінші проректоры, вице-президенті (2003-2007); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы (2007-2010); «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің» басқарушы директоры – басқарма мүшесі (2010-2011); «Астана» университетінің ректоры (2011-2012); Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры (2013-2015); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры (2015-2016);

Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрілігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары, міндетін атқарушы (07.2017-11.2017); Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасы (11.2017 - 09.2018). «Отандастар» қоры» ҰАҚ тәуелсіз директоры (2018) қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен (2006); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2007), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015); мерейтой медальдарымен; «Астана» естелік медалімен (2006); «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ы.Алтынсарин», т.б. төсбелгілермен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие (2011).

61 жыл бұрын (1962) «А.Сызғанов» атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Болатбек Бимендіұлы БАЙМАХАНОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. Алматы медицина институтының емдеу факультетін (1986) хирург мамандығы бойынша, Т.Рысқүлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетін (2006) экономика бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. Медицина ғылымдарының докторы (2001). Профессор (2006 жылдан).

1986 жылдан – Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігер-хирургі, 1987 жылдан эндоскопист-дәрігері. 1990 жылдан – А.Сызғанов атындағы Клиникалық және сынақтық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, 1991 жылдан хирургия бөлімінің ғылыми қызметкері, 1995 жылдан Алматыдағы хирургия бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 2000 жылдан Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

2002 жылдан Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы. 2003 жылдан «А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығы» РМКК директоры, 2007 жылдан бөлім меңгерушісі (Алматы қ.). 2008 жылдың шілдесінен Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

2011 жылдан «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы. 2012 жылдан бастап Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық емхананың бас дәрігері.

2016 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен (2006), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

39 жыл бұрын (1984) «ASTANA TV» телеарнасының бас директоры Азизхан Бақытұлы ӘБІЛДИНОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде бакалавриат және магистратураны саясаттану мамандығы бойынша, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде қызмет еткен; «NUR Media» холдингінде ақпараттық және жарнама саясаты департаментінің директоры (03.2017-09.2018); «NUR Media» холдингінің ақпараттық жұмыстар департаментінің директоры (09.2018-04.2019). 2019-2021 жылы «NUR Media» холдингі бас директорының орынбасары болған.

Қазіргі лауазымына 2021 жылдың қыркүйек айында тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен (2014), Мемлекет басшысының, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің және «Nur Otan» партиясының төрағаларының алғыс хат және құрмет грамоталарымен марапатталған. «Nur Otan» партиясының мүшесі (2003 жылдан бері).

37 жыл бұрын (1986) спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Олимпиада жүлдегері, бірнеше дүркін халықаралық жарыстар жеңімпазы Ақжүрек Достықұлы ТАҢАТАРОВ дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. 2012 жылы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарында 66 кг салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын қорғап, қола жүлдегер атанды.

36 жыл бұрын (1987) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ернат Құдайбергенұлы БЕРДІҒҰЛОВ дүниеге келген.

Қазақ КСР, Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. Торонто университетін (Торонто университеті), Канада (2007-2010) бітірген, бакалавр, мамандығы: Мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар (бағыт: саяси экономика), «Болашақ» Президенттік стипендиясы, Орыс тілінде CIMA дипломы: Операциялық өнімділікті басқару және өнімділікті басқару бизнес (2011-2012), Уорвик университеті (Уорвик университеті), Ұлыбритания (2015-2018), магистр, мамандығы: Іскерлік басқару (MBA), Гарвард бизнес мектебі (Гарвард бизнес мектебі), АҚШ (2022-2023).

Еңбек жолы: «Семізбай-У» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) Іскерлік басқару бөлімінің бас маманы (08.2010-03.2011); «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы есеп беру жүйесін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің (МӘҚ) жоба жетекшісі (04.2011-12.2012); «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі (қаржы-экономикалық мәселелер бойынша), талдамалық қамтамасыз ету департаментінің директоры, стратегиялық даму департаментінің директоры, жобаларды басқару департаментінің директоры (01.2013-05.2018); «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының талдаушысы (08.2018-04.2019); Жоба менеджері, Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясы (05.2019-04.2021); «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі тең басқарушы директоры (04.2021-02.2022);

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры (02.2022 ж. бастап), Басқарма мүшесі (03.2022 ж. бастап).

Басқа лауазымдар: Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі; «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (02.2022 ж. бастап), «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (02.2022-07.2023); «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (02.2022 ж. бастап), «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (03.2022 ж. бастап); Директорлар кеңесінің мүшесі – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мажоритарлық акционерінің мүдделерінің өкілі (05.2022 ж.);

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (04.2023 ж. бастап), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі (14.08.2023 ж.)

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы орынбасарының Алғысы (2020 ж.); Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының Алғысы (2020); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі (2021); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградасы – «Құрмет» ордені (2022).