3 маусым. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 3 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

3 маусым, СЕЙ СЕНБІ

Ережеп айының 1-ші жұлдызы (қасиетті үш айдың басталуы) - мұсылман мерекесі.

Черногория тәуелсіздігін жариялаған күн. 2006 жылғы маусымның 3-де Черногорияның Парламенті Югославия Одақтас Республикасының құрамынан, Сербия одағынан шығатынын және Черногорияның тәуелсіздігін жариялады. Бұл хабарлама 2006 жылдың 21-ші мамырында өткен референдумның нәтижесіне негізделген, онда сайлаушылардың 55,5% Черногорияның тәуелсіздігін қалады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

8 9 жыл бұрын (1925) қырғыз елімен арадағы шекараны межелеуге байланысты Шу болысы «уезд құқығындағы аудан» (орталығы - Георгиевка селосы) мәртебесін алды.

2 6 жыл бұрын (1988) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен Халыққа білім беру министрлігі құрылды. Аталмыш министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы мамырдың 8-індегі Жарлығымен және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде Білім министрлігі болып қайта құрылды.

1 9 жыл бұрын (1995) ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың (1845-1904) 150-жылдығына арналған мәдени күндер басталды.

1 5 жыл бұрын (1999) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ішіндегі Кіші Ақсарайға қазақ халқының хандары мен билерінің мүрделері қайта жерленді.

1 5 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ана тілінің айбары» белгісі тапсырылды.

1 5 жыл бұрын (1999) Халықаралық «Алматы инвестициялық саммиті» өз жұмысын бастады. Оған 22 елден 160 компанияның 300-ден астам басшылары мен өкілдері қатысты.

1 2 жыл бұрын (2002) Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен шақырылған Азиядағы Өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңестің алғашқы басқосуы өтті. Оған 16 қатысушы елдің, сондай-ақ БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның, Араб мемлекеттері лигасының және 8 бақылаушы елдің өкілетті делегациялары қатысты. Кездесу барысында тарихи құжаттар - АӨІСШК Алматы актісі мен Терроризмді аластау мен өркениеттер арасындағы үн қатысуға жәрдемдесу туралы Декларациясы қабылданды. Бүгінгі таңда АӨІСШК-ға мүше мемлекеттердің саны 17-ге жетсе, бақылаушы мемлекеттердің қатары Индонезия, Вьетнам, Малайзия, Украина, АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапониямен толықты.

5 жыл бұрын (2009) Астанада белгілі қазақстандық мұнайшы, Қазақстан Республикасы өнеркәсібіне еңбек сіңірген қызметкер Балтабек Қуандықовтың «Каспий қайраңының кілттері» («Ключи каспийского шельфа») атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кітапқа деректі мәліметтер, бейнефильмдер, басылымдарда жарық көрген мақалалар мен Каспий теңізін игеру ісіне тікелей қатысқан адамдардың алғашқы еңбектері енгізілген.

4 жыл бұрын (2010) Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында «Әлия Бөпежанованың кітаптары мен кітап жобаларының» тұсаукесері өтті.

Әлия Бөпежанованың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бағдарламасы бойынша «Жібек жолы» баспасынан жарық көрген шығармалары 2 кітаптан тұрады. Онда автор өнердің тәрбиелік міндетін қоғамның рухани-эстетикалық дамуымен тығыз байланыста қарастырады. «Өнер - жеке тәжірибе» деп аталатын бірінші кітабында көрнекті суреткерлер, замандас жазушылар мен режиссерлердің шығармашылықтарын сөз етеді. Ал, «Мәдениет - жасампаз сана» атты екінші кітабында сыншының Асқар Сүлейменов, Дж.Сорос, Әзірбайжан Мәмбетов секілді бірқатар тұлғалармен сұхбаттары және көркем аудармалары топтастырылған. Сарапшы Әлия Бөпежанова оқырмандарына кітап жобалары ретінде «Парасат падишасы», «Кек», «Болмыспен бетпе-бет» және «Кинорежиссер, жазушы Сатыбалды Нарымбетов» сынды альбом кітабын ұсынған. «Бүгінгі күні әдеби сын деңгейі төмендеп, теперіш көруде. Туындыларды талдау мардымсыз. Соған сай рухани әлеміміз де қатты құлазып тұр. Осы тұрғыдан алғанда, біздің Әлия қай жанрда болмасын, талмай қалам тербеп, өз бағытынан таймай, бір қалыппен келеді», - деді жиында сөз сөйлеген белгілі сахна сыншысы Әшірбек Сығай. Сыншы, мәдениеттанушы, аудармашы, журналист, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі Әлия Бөпежанова туындылары әдебиет пен мәдениетті, өнерді насихаттауға бағытталған.

ЕСІМДЕР

10 4 жыл бұрын (1910-1985) суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері БАРАНОВ Константин Яковлевич дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Ресей Федерациясында туған. Иркутск қаласындағы И.Копылов шеберханасында оқыған.

1948-1956 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы қызметтерін атқарған.

Станоктік және кітап графикасында линогравюра, литография техникасымен, акварель және гуашь қолдана отырып жұмыс істеген. Жоғары техникалық шеберлікті талап ететін айқындығымен, әдемілігімен, суреткерлік тілінің үнемділігімен, метафорлығымен ерекшеленетін линогравюра саласында табысты еңбек еткен. Қазақстан графикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

«Қарағанды», «Алматының алмасы», «Балқаш пен Арал балықшылары» сияқты линогравюралық, «Жамбылдың портреті», «Абайдың портреті», «Болат балқытушылар» атты еңбектердің авторы. «Қазақтың халық ертегілері», «Қазақ эпосы» «Қазақ және ұйғыр ертегілері» атты кітаптарды безендірген.

1-, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.

10 3 жыл бұрын (1911-1970) ақын АНИСИМОВ Семен Михайлович дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында туған. Өскемен, Семей педагогикалық техникумдарын, Ленинград журналистика институтын бітірген. Соғысқа дейін және соғыстан кейін өмірінің соңына дейін Семей облыстық «Прииртышская правда» газетінде жемісті еңбек еткен. Шығармашылық жолын өлеңмен бастаған ол прозада да қалам тартқан.

Ақынның «Замандас», «Қыркүйек», «Ақ қайнар», «Таңдамалылар» атты жыр жинақтары, «Парамон Крутихинаның құпиясы», «Жез қалып», «Көкек» атты прозалық шығармалары бар.

Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

91 жыл бұрын (1923) суретші және анимациялық кино режиссері, қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ҚАЙДАРОВ Әмен Әбжанұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеудегі Кинематография институтының көркемсурет бөлімін бітірген. «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдары редакцияларында істеген. 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған. 1976-1981 жылдары Қазақстан Кинематографияшылар одағы басқармасының мультипликациялық кино және шығармашыл жастар арасындағы жұмыс жөніндегі хатшысы болған. 1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильм жасалған. Аталмыш туынды Санкт-Петербор қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда, Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде жүлдеге ие болған. Сондай-ақ оның «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр құрылысшы», «Жанар», «Күн сәулесінен пайда болған көжек», «Қырық өтірік», т.б. мультфильмдері бар.

«Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

7 6 жыл бұрын (1938) экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының, Украина Экономика ғылымдары академиясының, «Еуразия» халықаралық экономика академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері НӘРІБАЕВ Көпжасар Нәрібайұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу қаржы институтының аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтының аға оқытушысы болып бастап, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, проректоры қызметтерін атқарған.1976-1983 жылдары - Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім министрінің орынбасары, министрі. 1987-1990 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Экономика институтының жетекші ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1990-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Экономикалық реформа жөніндегі мемлекеттік комиссиясы төрағасының орынбасары. 1991-2001 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің ректоры. 2001 жылдан Алматы технологиялық университетінің проректоры болған. Нәрібаев бухгалтерлік есеп негіздері, оны ұйымдастыру, есеп ақпаратын өңдеу әдістемесі, экономикадағы ғылыми зерттеулер әдістемесі, халықаралық экономикалық қатынастар, экономиканы басқару, білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша 260-тан астам ғылыми еңбектер жазған, оның 30-ға жуығы монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары. Бірқатар еңбектері АҚШ, Англия, Германия, Франция, т.б. шет мемлекеттерде жарық көрген. 2000 жылы Англиядағы халықаралық Кембридж орталығы Нәрібаевқа «Халықаралық жыл адамы» деген құрметті атақ берген. 2001 жылы осы орталық оны халықаралық аса көрнекті 500 қайраткер - «ХХІ ғасырдың негізін қалаушылар» қатарына қосқан.

«Құрмет белгісі» орденімен және көптеген медальдермен марапатталған.

71 жыл бұрын (1943) жазушы ТӘЖИЕВА Орынкүл дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туған. Шымкент қаласындағы медициналық училищені бітіріп, аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет атқарған. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, республикалық «Лениншіл жас» газетінде, одан соң «Қазақстан» баспасында кіші редактор болып істеген. 1972 жылы Келес аудандық «Мақташы» газетінде алдымен бөлім меңгерушісі, одан соң жауапты хатшы, 1985 жылы Келес аудандық партия комитетінде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, аудан орталығындағы №3 балабақша меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазір зейнет демалысында. Қаламгердің «Жетім қыз», «Қара қолғап», «Менің ауылымның адамдары», «Алтын жазулы алқа», «Шоқ жұлдызды Домалақ ана», «Сырғалылар әулетінің құпия қазынасы» атты шығармалары жарық көрген.

6 4 жыл бұрын (1950) заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі НҰРМАҒАМБЕТОВ Аманжол Мағзұмұлы дүниеге келді.

Ақмола облысы Көкшетау қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.

Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты және Министрлер Кабинеті секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының хатшысы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1998 жылдан - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, заң факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасының хатшысы, Құқықтық реформалар жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның мүшесі. 1999-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты төрағасы хатшылығының меңгерушісі. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшы хатшылығының бас инспекторы. Қазіргі қызметінде - 2005 жылдың сәуірінен.

«Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарын сайлау. Сауалдар және жауаптар», «Еңбек шарты» кітаптарының авторы. Еңбек және құқық мәселелеріне арналған 50-ден астам еңбегі бар. 6 заң ғылымдарының кандидаттарын дайындаған.

50 жыл бұрын (1964) Маңғысту облысындағы Жаңаөзен қаласының әкімі ТҰРЫМОВ Серікбай Өтелгенұлы дүниеге келді.

Атырау облысынта туған. Қазақ политехникалық инстиутын бітірген. 1990-1995 жылдары -Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің екінші, бірінші хатшысы, қаалық жастар ұйымының хатысы. 1995-2004 жылдары - «Түпқараған» ЖШС бөлім меңгерушісі, директоры. 2004-2006 жылдары Түпқараған ауданының әкімі. 2006 жылдан Маңғыстау облыстық әкімінің орынбасары болды.

4 6 жыл бұрын (1968) Қарағанды облысының әкімі ӘБДІШЕВ Бауржан Түйтеұлы дүниеге келді. Қарағанды облысының тумасы. Үйленген, 2 ұлы бар. Инженер-механик (Қарағанды политехникалық институты), экономист (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті), кеден ісінің маманы (Ресей кеден академиясы) мамандықтары бойынша 3 жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1993 жылы Қарағанды қаласының №4 автобус паркінде жетекші экономист қызметінен бастады. 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесінде қызмет атқарды. Инспектор, бас инспектор, жолаушылар бөлімінің бастығы, Қостанай, Қарағанды облыстары бойынша Кеден басқармасы бастығының орынбасары. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік табыс министрлігінің Кеден комитетінің Кедендік режим қорғау бас басқармасы бастығының орынбасары, бастықтың міндетін атқарушы. Павлодар облысы бойынша Кеден басқармасының бастығы. 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің, ҚР Кедендік бақылау Агенттігі төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2008 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларының мониторингі департаментінің директоры, Инновациялық комитеттің Орталық аппараты төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2010 -2012 жж Қарағанды қаласының әкімі. 2012-2013 жж ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі. 2013 жылдың қаңтарынан қазіргі қызметте.

171 жыл бұрын (1843-1920) табиғат зерттеушісі, өсімдік физиологиясы орыс мектебінің негізін қалаушы, Петербор Ғылым академиясының негізін қалаушы, Лондон корольдік қоғамының мүшесі, Глазго, Кембридж, Женева университеттерінің құрметті докторы, Эдинбург ботаника қоғамының мүшесі ТИМИРЯЗЕВ Климент Аркадьевич дүниеге келді.

Ресейде туған. Петербор университетін бітірген. 1869 жылдан Егіншілік және орман академиясында (қазіргі К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы) оқытушы болған. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты өсімдік физиологиясына арналған. Тимирязев негізінен фотосинтез процесін зерттеді; спектрлік анализді қолдана отырып, фотосинтездің белсенділігі түсетін жарықтың қарқындылығына байланысты болатынын, ол үшін жарық спектрінің қызыл және көк сәулелерінің маңызды рөл атқаратынын бірінші болып дәлелдеді. Тимирязевтің қолдауымен Петербор Ғылым академиясының аумағында өсімдіктерді қолдан өсіруге арналған Ресейдегі бірінші вегетациалық үй салынған. «Дарвин теориясының қысқаша очеркі», «Ч.Дарвин және оның ілімі», «Биологиядағы тарихи әдістер», «Өсімдіктердің құрғақшылықпен күресі» т.б. еңбектерінде өсімдік физиологиясын, тіршіліктің, дүниенің табиғи құбылыстарын тәжірибелік әдістермен ұштастыра жүргізудің тиімділігін материалистік тұрғыдан дәлелдеген. Мәскеу қаласында Тимирязевке ескерткіш орнатылып, Мәскеу ауыл шаруашылық академиясына, Ресей Ғылым академиясының Өсімдік физиологиясы институтына, Мәскеудің бір ауданына Тимирязев есімі берілген, тұрған үйінде мұражай ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар