3 мыңға жуық ауыл интернетке қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — 2027 жылдың соңына қарай тағы 2 689 ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланып отыр. Қосымша 504 шалғай елді мекенді спутниктік технологияларды пайдалана отырып желіге қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

ауыл
Фото: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Бүгінгі таңда Қазақстанның 6 179 елді мекенінің 119 қаласы мен 4 906 ауылы байланыспен қамтамасыз етілген, оның 2 724-і 3G технологиясы бойынша, ал 2 182-і 4G бойынша қосылған. Интернетке тіркелген қолжетімділік 1 902 ауылда (ADSL) және 2 654 ауылда (ТОБЖ) бар.

— 2027 жылдың соңына қарай тағы 2 689 ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланып отыр. Қосымша 504 шалғай елді мекенді спутниктік технологияларды пайдалана отырып желіге қосу жоспарланып отыр. Оның 176-сы KazSat арқылы байланыспен қамтамасыз етілген, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 328 ауыл OneWeb арқылы қосылатын болады.

2025 жылғы маусымда Starlink-пен келісімге қол қойылды, ол осы жылдың 13 тамызынан бастап Қазақстанда ресми түрде қызмет көрсете бастады. Бүгінгі таңда Starlink спутниктік интернеті 1,7 мыңнан астам ауылдық мектептерде жұмыс істейді, — делінген Үкімет хабарламасында.

Жалпы, 2025-2027 жылдары 3 мыңнан астам ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылатын болады. 

Айта кетелік 1 млн азамат жасанды интеллект негіздеріне оқытылатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар