3 млн. астам теңгені заңсыз берген банк қызметкері жазасын алды - БҚО
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған қызметкер 7 тұлғаның басқа банктер алдында өтелмеген несиелерінің барын анық біле тұра, банктің электрондық мәліметтер базасына клиент туралы бұрмаланған мәліметтер енгізу және бұрмаланған баға белгілері енгізілген СТН көшірмесін пайдалану арқылы, «жеке-қолма-қол ақша» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3 млн. теңгеден астам кепілсіз несие берген.
Л.Батырбекованың қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде банкке көрсетілген сомаға материалдық шығын келтірілді.
Орал қалалық сотының үкімімен Л.Б.Батырбекова ҚР ҚК 220-бабы 1-бөлімі (банктің бюджеттік ақшалай қаражатын заңсыз қолдану) бойынша кінәлі деп танылып, 200 айлық есептік көрсеткіш (282 мың теңге) көлемінде жаза белгіленді.