14:16, 25 Қазан 2012 | GMT +5
3 мыңнан астам қылмыстың ізі суымай ашылды - ҚР ІІМ
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Апта ішінде 5475 қылмыс жасалды, оның 3417-нің ізі суымай ашылды.
ҚР ІІМ мәліметіне қарағанда, бұрын жасалған қылмыстың 705-і ашылды, оның 40 фактісі былтырғы жылғы. Қылмыс жасаған 65 қылмыскер табылып, 10 қару тәркіленді. 50 есірткі қылмысы ашылды, оның ішінде 24-і - сауда фактісі. Есірткі заттарының 90 келіге жуығы тәркіленді.