3 шілде. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 3 шілдеде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған. Қазақ нейрохирургтері ассоциациясының Президенті, Ресей нейрохирургтері ассоциациясының құрметті мүшесі, Неврологиялық хирургтер Азиялық конгресі атқарушы комитетінің мүшесі, Нейрохирургиялық қоғамдар бүкіләлемдік федерациясы нейротравматологиялық комитетінің мүшесі, «Acta Neurochirurgica» нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық ассоциациясы журналының редакциялық комитеті мүшесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс грамотасымен марапатталған. 2005 жылы жоғары дәрежелі тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. 2005 жылы Дәрігерлердің бүкіләлемдік ассоциациясының «Әлемге қамқоршы дәрігер» атағына ие болды. 2006 жылы Бүкілресейлік көрме орталығының «Лауреат ВВЦ» медалімен марапатталды. 2008 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы күміс медаль иегері атанды. 2008 жылы Пирогов атындағы сыйлықтың лауреаты (Ресей) болды. 2008 және 2009 жылдары «Алтын адам. Қазақстандағы жыл адамы» атағына ұсынылды. 2010 жылы «Парасат» орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері (1998 ж.).

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында жұмысшы болып бастаған. Кейіннен Атырау облысы Махамбет аудандық Жастар ісі және спорт басқармасының бастығы, Атырау облысы Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы, Атырау қалалық мәслихаты аппаратының басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау облысы Исатай ауданының әкімі, Атырау қаласының әкімі секілді лауазымдарды атқарды. 2016-2021 жылдары «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.
Атырау облысы Дзюдо федерациясының президенті. Күрестен Қазақстанның екі дүркін чемпионы. 1985 жылы Қазақстан құрамасының құрамында болды, ҚР спорт шебері.
«Исатай батыр» қайырымдылық қорының директоры. «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының мүшесі. 2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
Бірқатар ордендермен, Құрмет грамотасымен марапатталған.

Алматы Мемлекеттік медицина институтының Емдеу факультетін (1994), Almaty Management University жанындағы магистратураны (2015) тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1994-1995 жылдары – Көздің мөлдір қабықшасы патологиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері, кезекші-дәрігер, «Көз аурулары ҚазҒЗИ»; 1995-1998 жылдары – Қазақ Мемлекеттік медицина университеті жанындағы аспирантура; 2001-2003 жылдары – «Көз аурулары ҚазҒЗИ» 2-бөлімшесінің меңгерушісі; 2005-2008 жылдары – «Көз аурулары ҚазҒЗИ» рефракциялық лазерлік хирургия бөлімшесінің меңгерушісі; 2008-2015 жылдары – «Көз аурулары ҚазҒЗИ» бас дәрігері; 2014 жылы – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ офтальмология кафедрасының меңгерушісі; 2015 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Көз аурулары ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары болды.