3 шілде. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 3 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
73 жыл бұрын (1952) «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Серік Қуандықұлы АҚШОЛАҚОВ дүниеге келген.

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған. Қазақ нейрохирургтері ассоциациясының Президенті, Ресей нейрохирургтері ассоциациясының құрметті мүшесі, Неврологиялық хирургтер Азиялық конгресі атқарушы комитетінің мүшесі, Нейрохирургиялық қоғамдар бүкіләлемдік федерациясы нейротравматологиялық комитетінің мүшесі, «Acta Neurochirurgica» нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық ассоциациясы журналының редакциялық комитеті мүшесі.
Қазіргі қызметін 2008 жылдан бері атқарып келеді.
ҚР Президентінің Алғыс грамотасымен марапатталған. 2005 жылы жоғары дәрежелі тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. 2005 жылы Дәрігерлердің бүкіләлемдік ассоциациясының «Әлемге қамқоршы дәрігер» атағына ие болды. 2006 жылы Бүкілресейлік көрме орталығының «Лауреат ВВЦ» медалімен марапатталды. 2008 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы күміс медаль иегері атанды. 2008 жылы Пирогов атындағы сыйлықтың лауреаты (Ресей) болды. 2008 және 2009 жылдары «Алтын адам. Қазақстандағы жыл адамы» атағына ұсынылды. 2010 жылы «Парасат» орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері.
62 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Талғат Тұрлыбекұлы ЖҮНІСОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысы, Красноармейский ауданында туған. 1990 жылы Көкшетау ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 2004 жылы «Фемида» заң академиясын бітірген.
Еңбек жолы: 1978-1982 жылдары Щучье қаласының индустриалды-педагогикалық техникумының студенті, 1982 жылы Көкшетау облысы Чкалов ауданы Абай ауылы жұмысшысы болды. 1982-1984 жылдары Кеңес Одағының қарулы күштері қатарында қызмет етті. 1984-1985 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтының дайындық бөлімінің тыңдаушысы, 1985-1991 жылдары Целиноград ауыл шаруашылық институтының Көкшетау қаласындағы филиалының студенті, ассистенті, 1992 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының аспиранты, 1992-1996 жылдары Өндірістік практика жетекшісі, ассистент, ЦАШИ Көкшетау филиалының аға оқытушысы, 1996-2001 жылдары Ш. Уалиханов атындағы Ауыл шаруашылығы институты директорының орынбасары, аға оқытушы, сырттай факультет деканы, Көкшетау мемлекеттік университетінің сырттай оқыту жөніндегі проректоры, 2001-2002 жылдары Жоғары және орта кәсіптік білім департаменті мемлекеттік стандарттар және мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру басқармасының бас маманы, мониторинг және бақылау сараптамасы департаменті, аккредиттеу және Аттестаттау басқармасының бас маманы, ҚР БҒМ әкімшілік департаменті ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасының бастығы, 2002-2008 жылдары ҚР БҒМ инновациялық технологияларды сырттай оқыту проректоры, ғылыми — зерттеу қызметінің проректоры, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 2008-2012 жылдары Рудный индустриялық институтының ректоры, 2012-2014 жылдары ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының вице-президенті, 2014-2016 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры, 2017 жылы ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2017-2020 жылдары Ақмола облысы білім басқармасының басшысы, 2020 жылы Ш. Уалиханов атындағы «Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК ректорының кеңесшісі, 2020-2021 жылдары «Қазақстан агро-Инновациялық компаниясы» ЖШС Бас директорының орынбасары, 2021-2022 жылдары Ш. Уалиханов атындағы «Көкшетау университетінің» КЕАҚ «АӨК саласындағы Өңірлік даму» ҒЗИ директоры, 2022-2023 жылдары Ақмола облысы мәслихатының хатшысы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.
61 жыл бұрын (1964) «Ембімұнайгаз» АҚ омбудсмені Нұрлыбек Жұмахметұлы ОЖАЕВ дүниеге келді.

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында жұмысшы болып бастаған. Кейіннен Атырау облысы Махамбет аудандық Жастар ісі және спорт басқармасының бастығы, Атырау облысы Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы, Атырау қалалық мәслихаты аппаратының басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау облысы Исатай ауданының әкімі, Атырау қаласының әкімі секілді лауазымдарды атқарды. 2016-2021 жылдары «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.
Атырау облысы Дзюдо федерациясының президенті. Күрестен Қазақстанның екі дүркін чемпионы. 1985 жылы Қазақстан құрамасының құрамында болды, ҚР спорт шебері.
«Исатай батыр» қайырымдылық қорының директоры. «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің және ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының мүшесі.
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
Бірқатар ордендермен, Құрмет грамотасымен марапатталған.
54 жыл бұрын (1971) жоғары дәрежелі дәрігер, денсаулық сақтау үздігі, Еуропалық катарактальдық және рефракциялық хирургтар қауымдастығы (ESCRS) мүшесі Марат Смағұлұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.

1994 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтының Емдеу факультетін, 2015 жылы Almaty Management University жанындағы магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1994-1995 жылдары Көздің мөлдір қабықшасы патологиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері, кезекші-дәрігер, «Көз аурулары ҚазҒЗИ», 1995-1998 жылдары Қазақ Мемлекеттік медицина университеті жанындағы аспирантура, 2001-2003 жылдары «Көз аурулары ҚазҒЗИ» 2-бөлімшесінің меңгерушісі, 2005-2008 жылдары «Көз аурулары ҚазҒЗИ» рефракциялық лазерлік хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, 2008-2015 жылдары «Көз аурулары ҚазҒЗИ» бас дәрігері, 2014 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ офтальмология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Көз аурулары ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары.