3 спортшы, 2 бапкер — Коронавирус анықталған олимпиадашылардың хәлі қалай

АСТАНА. KAZINFORM — Париж Олимпиадасында жүлде алған спортшылардан коронавирус инфекциясы табылған. Бұл туралы Кazinform тілшісіне ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп айтып берді.

ковид
Фото: Pixabay

«Коронавирус инфекциясы 3 спортшы (үшеуі де жүлдегер - ред.) мен 2 бапкерден анықталды. Жалпы спортшыларды тексеру барысында олардың ПТР тесті оң нәтиже көрсетіп, COVID-19 вирусы анықталды. Үш спортшының үшеуі де Париж Олимпиадасынан жүлдеге қол жеткізген спортшылар. Қазір олар оқшауланып, ем-дом қабылдауда. Жағдайлары жақсы. Вирус жеңіл формада өтуде. Тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз. Құраманың қалған мүшелері дін аман», - деді Диас Ахметшәріп.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 15 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесеуі кейінге шегерілгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар