3 тамыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 3 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
51 жыл бұрын (1974) қазақстандық саясат және қоғам қайраткері, саясаттанушы, публицист, «Тәуекелдерді бағалау тобы» консалтингтік ұйымының директоры Досым Асылбекұлы СӘТПАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін саясаттану мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық қатынастар факультетінің теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасының саясаттану оқытушысы (1996); Саясаттану ғылымдарының кандидаты (1999).
Еңбек жолы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Саяси зерттеулер орталығы» студенттік ұйымының вице-президенті (1993); Қазақстанның даму институты Саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері және SAYASAT ғылыми-сараптамалық журналының жауапты редакторы (1997-2000); Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігі директорының орынбасары (2000); Британдық соғыс пен бейбітшілік институтының (IWPR) Қазақстандағы кеңсесінің директоры (2002-2004); «Тәуекелдерді бағалау тобы — Қазақстан» (Тәуекелдерді бағалау тобы) үкіметтік емес консалтингтік ұйымының құрылтайшысы (2002); Қазақстанның талдау ұйымдары альянсының тең құрылтайшысы (2009); «Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңес» президиумының мүшесі (2017).
50 жыл бұрын (1975) Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Алмат Мұратұлы БАЙШОЛАҚОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.
Әр жылдары Алматы облысы Іле ауданының, Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратураларын, Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармаларын басқарды. Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
ҚР Әділет министрлігі департаменттерін басқарды. 2019-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Қазіргі лауазымын 2021 жылдың шілде айынан бері атқарып келеді.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
45 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Түркістан облысынан сайланған депутат Мұрат Болатұлы ҚАДЫРБЕК дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Шардара қаласында туған. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Білімі жоғары, заңгер, құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.
Еңбек жолын Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық прокуратурасының сот актілері мен атқарушылық іс жүргізулерінің заңдылығын қадағалау бөлімінде прокурордың міндетін атқарушы болып бастады. 2005-2007 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алды. 2007-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы № 2 сотының судьясы, 2008-2009 жылдары Астана қаласында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік жоспарлау, қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару бөлімі бастығының орынбасары. 2009-2010 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары. 2010-2011 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, 2011-2012 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы басқармасының бастығы-Тәртіптік кеңестің төрағасы, 2014-2016 жылдары Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлық істері департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы, 2016-2021 жылдары Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі, 2021-2023 жылдары Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімі қызметін атқарды.
Қазіргі жұмысына 2023 жылдың қаңтарында кірісті.
38 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Өзін-өзі реттеуді дамыту мәселесі жөніндегі комитетінің төрағасы Асланбек Қуандықұлы ЖАҚЫПОВ дүниеге келді.

Көкшетау қаласында туған. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Алматы заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2010 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2014 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін «Әлеуметтік білім магистрі» мамандығы бойынша, 2014 жылы «Duke» университетінің Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебін мемлекеттік саясат және басқару саласындағы басшы білім беру бағдарламасы бойынша, 2018 жылы Central Bohemia Institute of Applied Science & Management бітірген.
Еңбек жолы: 2008-2009 жылдары ҚР Статистика агенттігі ішкі аудит департаментінің сарапшысы, 2009-2011 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Заң департаментінің нормативтік құқықтық актілерді талдау және құқықтық мониторингі бөлімінің сарапшысы, 2011-2012 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің заң департаментінде ҮЕҰ талдау және құқықтық мониторинг жүргізу басқармасының бас сарапшысы, 2012-2014 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі заң департаментінде құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, 2014-2015 жылдары 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің заң департаментінде ҮЕҰ талдау және құқықтық мониторинг жүргізу басқармасының басшысы, 2015-2018 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары, 2018-2020 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры лауазымын атқарған. 2020 жылдан — «Инновациялар және кәсіпкерлік Ұлттық орталығы» ЖШС Бас директоры.