3 тамыз. Тұлғалар туған күн

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ASTANA. KAZINFORM - Бүгін, 3 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

50 жыл бұрын (1974) қазақстандық саясат және қоғам қайраткері, саясаттанушы, публицист, «Тәуекелдерді бағалау тобы» консалтингтік ұйымының директоры Досым Асылбекұлы СӘТПАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін саясаттану мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық қатынастар факультетінің теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасының саясаттану оқытушысы (1996); Саясаттану ғылымдарының кандидаты (1999).

Еңбек жолы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Саяси зерттеулер орталығы» студенттік ұйымының вице-президенті (1993); Қазақстанның даму институты Саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері және SAYASAT ғылыми-сараптамалық журналының жауапты редакторы (1997-2000); Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігі директорының орынбасары (2000); Британдық соғыс пен бейбітшілік институтының (IWPR) Қазақстандағы кеңсесінің директоры (2002-2004); «Тәуекелдерді бағалау тобы - Қазақстан» (Тәуекелдерді бағалау тобы) үкіметтік емес консалтингтік ұйымының құрылтайшысы (2002); Қазақстанның талдау ұйымдары альянсының тең құрылтайшысы (2009); «Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңес» президиумының мүшесі (2017).

44 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Түркістан облысынан сайланған депутат Мұрат Болатұлы ҚАДЫРБЕК дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Шардара қаласында туған.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Білімі жоғары, заңгер, құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Еңбек жолын Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық прокуратурасының сот актілері мен атқарушылық іс жүргізулерінің заңдылығын қадағалау бөлімінде прокурордың міндетін атқарушы болып бастады. 2005-2007 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алды. 2007-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы №2 сотының судьясы, 2008-2009 ж. Астана қаласында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік жоспарлау, қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару бөлімі бастығының орынбасары. 2009-2010 ж ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары. 2010-2011 ж Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары; 2011-2012ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары. 2013-2014 ж. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы басқармасының бастығы-Тәртіптік кеңестің төрағасы; 2014-2016 ж. Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлық істері департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы. 2016-2021 ж Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі; 2021-2023 ж. Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Қазіргі жұмысына 2023 жылдың қаңтарында кірісті.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum