3 жасар бала мен оның анасына қиянат жасаған алматылық шенеунік жұмыстан шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жүктіліктің тоғызыншы айындағы әйел мен 3 жасар баланы қағып кеткен Ұйғыр аудандық салық басқармасының басшысы Бақыт Құрмашев қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Фейсбуктағы жеке парақшасында мәлім етілді.

«ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасының бұйрығымен Алматы облысы Ұйғыр аудандық салық басқармасының басшысы Құрмашев Бақыт қызметінен босатылды», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, аталған дерек бойынша экс-басшыға қатысты ҚР ҚК бірнеше бабы - 296 бабы, 1 тармағы (ЖҚЕ мен көлікті пайдалану ережесін бұзу), 297 бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалау), 119 бабы (қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар